Пікір
Пікір
375
оқылды
Сайлаушылардың басым дауысымен қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасалды. Бұл таңдау – әлемдік аренада өзінің орны бар тұлғаның ел ішіндегі абыройының да жоғары екенінің дәлелі

 
Базарбай.JPG Базарбай МҰСАБЕКОВ, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,  Түркістан қаласының «Қоғамдық кеңес» төрағасы:

Айқын мақсатқа қол жеткіземіз

– Қайсыбір елде болмасын бірінші кезекте тұрақтылық маңызды. Осы тұрғыдан келгенде елдің болашағы баянды болуы үшін кезектен тыс сайлаудың өтуі өте орынды деп санаймын.

Елге мәлім кешегі саяси науқанға нүкте қойылды. Сайлаушылардың басым дауысымен қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасалды. Бұл таңдау – әлемдік аренада өзінің орны бар тұлғаның ел ішіндегі абыройының да жоғары екенінің дәлелі. Сондықтан мен Мемлекет басшысын сайлауда ел тұрғындарының басым бөлігі дұрыс шешім қабылдады деп санаймын және осы таңдауға ризашылығымды білдіремін. Себебі, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев салған сара жолды одан ары жалғастырып, мемлекеттің қуатын арттыру бағытында басталған істі соңына жеткізу арқылы нәтижеге қол жеткізуде бұл сайлаудың маңызы өте зор. Сонымен бірге, осы аталған факторға бірден-бір ықпал ететін халықтың ауызбіршілігі мен татулығы екенін ескерсек, тәуелсіз Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне халықтың қосқан үлесінің ең маңыздысы осы ынтымақ деп есептеймін.

Сөзімнің басын тұрақтылықпен бастағаным, мемлекет дамуының ең басты шарты тұрақтылық екені анық. Бұл мақсатта біздің Түркістан облысының тұрғындары өз ұстанымы мен көзқарасының, жалпы, таңдауының негізі – ынтымақ екенін аңғартты. Демек, халқы ауызбіршілікті қолдаған елде дамудың даңғыл жолы ашық болатыны сөзсіз.

Татьяна.JPG
Татьяна ЛИПИНА, Nur Otan партиясы Cтратегиялық бастамалар институты  қоғамдық-саяси бөлімінің бас сарапшысы:

Ынтымақ пен бірлік негізі

– Елдің бірлігі қай кезде де маңызды. Егер осындай бірлігімізді сақтай білсек, ел сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың халық мүддесі үшін елеулі еңбек етуіне толық мүмкіндігі бар және қарымы мен қабілеті де жеткілікті. Сол үшін де халықтың басым бөлігі Президентімізге қолдау көрсетті.

Еліміз егемендік алғанға дейінгі күйіміздің қандай болғанын бүгінгі аға ұрпақ жақсы біледі. Тіліміз бен діліміздің жойылу алдында тұрды. Ұлт болғанымызбен әлем елдерінің қатарында Кеңес Одағының атын жамылып тұрдық. «Қазақстан деген мемлекеттенбіз» деп еркін айта алмадық. Ал бүгін аспанда желбіреген көк туы бар тәуелсіз елміз.

Ендігі үміт – бұқараның әлеуетін арттыру арқылы Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту. Осы жолда Мемлекет басшысы бастап, халық қостап азат еліміздің тарихындағы жарқын жеңістер қатарын арттыра түсуіміз қажет. Бұл ретте тағы да ынтымақ пен бірлігіміз берік болуы тиіс. Сонда ғана айқын мақсатқа қол жеткізетін боламыз.

 
Мухтар.JPG
Мұхтар МАНКЕЕВ, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық  қозғалысы кеңесінің төрағасы:

Қоғам пікірі ескерілуі керек

– Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар нақты әрі қызықты болды. Менің ойымша, қазір қоғам пісіп-жетілді. Бұл, әсіресе, сайлау нәтижесінен көрінді. Әр кандидаттың артында оған дауыс берген халық тұр. Олардың ертеңгі күннен күтетін үміттері бар. Менің ойымша, халық кандидаттар арасында таңдау жасаған жоқ. Халық елдің ары қарайғы даму жолының әртүрлі нұсқасы арасында өзіне ұнамдысын таңдады. Сондықтан биылғы президент сайлауына түскен кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларынан маңызды тетіктер мен ұсыныстарды алып, жүзеге асыру керек деп ойлаймын. Бүгін Президент қоғамдық сенім бойынша ұлттық кеңес құру туралы қаулыға қол қойды. Бұл комитет аясына қоғамда белгілі бір мәселе көтеріп жүрген, билікке қояр сұрақтары бар топтардың бәрін жинау керек. Олардың ұсыныс-пікірін тыңдап, осы бағытта жұмыс істеген жөн. Мемлекет алдында бірінші кезекте шешуді қажет ететін экономикалық, саяси мәселелер де бар. Қоғамдағы барлық азаматтың үміт-тілектері ескеріліп, есепке алынуы керек. Бүгін Президентті ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселелерді шешетін бастамалар ұсынды. Алдағы уақытта кең көлемді, жемісті жұмыстар жүреді деп үміттенемін.

Сагынбек.JPG
Сағынбек АСЫЛБЕКОВ, Nur Otan партиясы Кентау филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Әлеуметтің әлеуеті көтеріледі

– Еліміздің астанасында, оның саяси өмірінің дәл ортасында отырып, Мемлекет басшысының қызметке ресми кірісу сәтіндегі барлық елеулі жауапкершілікті көзбен көріп, жүрекпен сезіндім.

Президенттің онда айтқан әрбір сөзі – біз үшін маңызды. Ол өзінің жаңа саясатының он басымдығын – халықтың табысын арттырудан және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуден тұрғын үй проблемаларын шешуге және жастарды қолдауға дейін белгіледі.

Өңірлерді дамыту туралы тармақты ерекше атап өткім келеді. Қасым - Жомарт Тоқаев «Күшті аймақтар – қуатты Қазақстан» деп атап өтті. Ол барлық міндет жергілікті деңгейде шешілуі тиіс және халық шешімге қатысуы тиіс деп дұрыс айтады. Бұл – маңызды демократиялық қадам. Ол қоғамдық институттардың рөлін күшейтеді және мемлекеттік органдардың жұмысындағы барынша ашықтықты қалыптастырады. Бұл бастама Түркістан облысы тұрғындарын ерекше қуантады. Өйткені оның дамуына Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет үлкен көңіл бөліп отыр. Өңір тұрғындарына жаңа жұмыс орындары, тұрғын үй және әлеуметтік қолдау қажет. Осының бәрі жаңа Президент бағдарламасында жазылған. Сол себепті, үлкен сенім артамыз.

     
Амангазы.JPG
Аманғазы ШЕГІРОВ, Алматы облысының Құрметті азаматты:
 

Көпшілік көкейіндегіні дөп басты

     

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Президенті қызметіне ресми кірісуінің салтанат­ты рәсімі бүкіл әлем назар тіккен саяси жаңалық болды. Елімізбен бірге Президент сайлауының нәтижесін білуді барлығымыз асыға күттік.

Халық қалауымен сайланған Қазақстан Президенті еліміздің өркендеуі жолында жасаған жоба-жоспарын таныстырып, алдағы кезде мемлекеттік қызметке керек әділеттілік, адалдық, ашықтық сынды қасиеттерге басымдық берілетінін ұғындырды. Қарапайым халықтың көкейін тербеген әділдіктің ақ туы асқақтайтынын, сыбайлас жемқорлықты түп-тамырынан құрту үшін бар мүмкіндік жұмсалатынын ашық мәлімдеді. Бірінші кезекте халықтың әл-ауқатының артуы, әлеуметтік мәселелердің дұрыс шешілуі, тұрмыстық теңсіздікті болдырмау секілді аса өзекті мәселелердің түйіні тарқатылаты­нын жеткізді. Халық пен биліктің арасындағы диалог пен ымыраның өркендеуі қажетін алға тартып, көпшілікті қазіргі ұрпақтың талабы мен тәртібін реттеудің жолын бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Бір сөзбен айтқанда, көпшіліктің көкейін тескен, көңілін алаңдатқан жайттарды бүгінгі заман талабына сай реттеу керегін биліктегілерге де, жалпақ жұртқа да жеткізе білді. Ендігі мақсат – бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ел болашағы үшін белін буған азаматтың алдынан кездесер қиындық пен ауыртпалықты бірлесе шешуге үлес қосайық.

     

Жанар.JPG
Жанар СМАҚОВА, Nur Otan партиясы Cтратегиялық бастамалар институты қоғамдық-саяси бөлімінің бас сарапшысы:
 

Мықты кандидаттың сенімді жеңісі

     

– Елімізде өткен сайлау Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ел халқының басым бөлігі қолдайтынын көрсетті.

Біріншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев – Елбасы бағытының ресми мұрагері әрі оның серіктесі. Әртүрлі саладағы үздік жетістіктерге ие қазіргі Қазақстан –көпжылғы қажырлы еңбектің, еліміздің Тұңғыш Президентінің дана және көреген бас­шы­лығы мен халқымыздың күрделі жолының нәтижесі. Екіншіден, ол – тәжірибелі саясаткер, әлемдік деңгейдегі беделді дипломат. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары мем­ле­кет­тік қызметтегі мол тәжірибесі бар және елді табысты басқаратын саясат­кер­дің барлық қасиеттеріне ие. Үшіншіден, Қ.Тоқаев ақылға салынған және әлеуметтік бағдарланған сайлауалды тұғырнамасын ұсынды. Оның «Бар­шаға ортақ игілік! Сабақ­тас­тық. Әділдік. Өрлеу» бағдарламасы сай­лау­дағы басқа қарсылас­та­рының бағдарламаларына қарағанда, ел халқы­ның барлық санатының өмірін арттыруға бағытталған. Осылайша, Nur Otan партиясынан үміткер Қ.Тоқаев­­тың сайлаудағы жеңісі Елбасының сая­си бағытын халықтың кең қолдауы­ның, сондай-ақ халықтың жаңа мем­лекет басшысы Қ.Тоқаевқа жоғары сенімі мен үміттері­нің айғағы болды.