Алик Жатқамбайұлы – Алматы облысының тумасы. Ресей ІІМ академиясының түлегі. Заң ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын қарапайым слесарь болып бастап, инспектордан Ішкі істер вице-министрі қызметіне дейін жоғарылады.
Анар Жайылғанова Семейде дүниеге келген. ҚазҰУ-дың Заң факультетін үздік бітірген. Философия және құқық институтының кіші ғылыми қызметкері болып еңбек жолын бастады. Құқық саласында облыстық сот кеңесшісінен Жоғарғы соттың судьясына дейін өсті. Мәжіліс депутаты ретінде еліміздің құқық саласына қан жүгіртті.