Жаңаөзенде дүкендерде тұратын, қайырымдылық үшін қаржы салуға арналған жәшіктерді ұрлаумен айналысып келген жергілікті тұрғын ұсталды, – деп жазады «Лада» басылымы.
Тергеушілер ұсталған адамның кемінде осындай 3 ұрлыққа қатысы болуы мүмкін деген күдік келтіріп отыр. Күдікті мамыр айының басынан бері тонаумен айналысып келген.
Маңғыстау облыстық Полиция басқармасының хабарлауынша, күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен ұстаған. Белгілі болғандай күдікті бұрын да істі болған.