Ұлт бірлігі – ұлы мақсат
Ұлт бірлігі –  ұлы мақсат
370
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде көтерген ұтымды бастамалары мен алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиынға ҚХА төрағасының орынбасарлары Ю.Келигов, Ш.Пулатов, Мәжіліс төраға­сы­ның орынбасары В.Божко, соны­мен қатар Мәжіліс депутат­тары, ҚХА кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық қауым өкілдері қатысты. Кездесуді Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.Түймебаев ашып, басқарды. Шара барысында Мемлекет бас­шы­сы атап өткен бірқатар ма­ңызды басымдықтарды, мәсе­ле­лерді толыққанды бөліп көрсетті.

Сондай ақ, Ж.Түймебаев «Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі – Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының басталу нүктесі. Бұл сөз азаматтарымыздың негізгі сұрау­ларына айқын және түсі­нік­ті жауап болды» деген пікір біл­дірді.

В.Божко, Ю.Келигов, Ә.Ахметов, М.Споткай сынды кеңес мүшелері өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жалпы алғанда, ассамблея кеңесі елдегі үдерістерге кең қоғамдық қолдау көрсетуі керек. Отырыс әлеумет­тік үйлесім мен ұлттық бірлік мәсе­лелеріне аса назар аудару қажет деген шешіммен аяқ­талды.


Айша ЕРСҰЛТАН