Мамандар мұндай балалардың қатары көбейгенін айтады.
Смартфонға кірпік қақпай қарап отырғаннан көздің қарашығы бұзылады дейді дәрігерлер. 24.kz-тің жазуынша, қазір балаларға арналған көзәйнектердің қалыңдығы 70 жастағы қарттардыкімен бірдей.
Көз дәрігері Рашида Аужанова: «Балалардың көздері құрғайды. Кейін қызарады, қайта-қайта көздерін уқалай береді. Балаларға бірдеңе көрсетейін десең, олар үңіліп қарайды, ал бұл баланың жүйкесін де жұқартады. Өйткені ұялы телефоннан, экраннан келетін радиотолқындар миының ауытқуына әкеледі. Бұдан туындайтын аурулар көп. Егерде сіздің аккомадацияңыз бұзылса, сіз алыстан нашар көре бастайсыз. Әрі қарай дәрімен емделмесеңіз, көз алыстан көр қабілетінен айырылады», – дейді.
Смартфондарға телмірудің нәтижесінде, баланың ойлау, есте сақтау, баланың қабылдау деген қабілеттерін төмендетеді. Мінез-құлыққа кері әсер етеді. Өйткені адам қызыл, сары, жасыл, түрлі түсті жыбырлап шыға беретін суреттерге әуес болады. Жүйкесі жұқарғанын байқамайды. Интернетке тәуелді балалардың 80 проценті мамандардың көмегіне жүгінеді.