Шопанның үйінен екі әйелдің мәйіті табылды
Шопанның үйінен екі әйелдің мәйіті табылды
Фото: КТК арнасынан скриншот
263
оқылды
Жамбыл облысында шопан екі әйелді айуандықпен өлтіріп, өзі ізім-қайым ізін жасырған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қанды оқиға Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Мамай ауылында болған. Шопан таудағы үйде екі адамды өлтірген. Телеарнаның дерегінше, күдікті – Өзбекстан азаматы. Тәртіп сақшылары оны бірнеше күннен бері жан-жақтан іздеп жатыр. Бұл жағдай бойынша әзірге ресми мәлімет жоқ. Ал ауыл тұрғындарының айтуынша, қанды қылмыс шаруа қожалығында болған. Анығы, қылмыс екі бөлмелі баспананың ішінде Өзбекстан азаматы екі әйелді бауыздап өлтіріп, мәйітті тапшанның астына жасырған. Ал есіктің аузында қара құлып бар. Қожалыққа тиесілі қора-жай қаңырап бос тұр. Ауыл тұрғындарының айтуынша, кісі өлтірген ер адам қылмыс жасағаннан кейін атқа мініп, ауылға қарай бет алған. Бірақ елді мекенге тоқтамай, өтіп кеткен. Сөйтіп, темір жолдың жағасына келіп, жылқысын сол жерге байлап кеткен. Өзі ұшты-күйлі жоқ. Полиция қызметкерлері қаскөйді бірнеше күннен бері іздестіріп таба алмай жатыр. Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Әнуар Карипсейтов: «Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптамалар тағайындалды», – дейді. Анығы, күдіктінің 54 жастағы Өзбекстан азаматы екені расталды. Сондай-ақ, қайтыс болған келіншектің бірі 50 жаста, екіншісі 38-де. Бірақ бұлардың отбасы жайында дерек жоқ. Қылмыс Мамай ауылында болғанымен, қаза тапқандар Сарысу ауданның тұрғындары екен. Істің анық-қанығы тергеуден соң белгілі болады.