Алматы облысында теміржол апаты болып, пойыз манипуляторды соғып, рельстен шығып кеткен.
Оқиғаның видеосы Instagram-дағы @kris_p_almaty парақшасында жарияланды.
https://youtu.be/1juFHr5PSfo
Тосын оқиғадан ешкім қаза тапқан жоқ, зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай Алматы облысы Қарасай ауданында болғаны анықталды.
Бұл мәліметті Көліктегі полиция департаментінің өкілдері растады. Апатқа байланысты қосымша мәлімет тексеруден соң жариялады.