Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
5,135
оқылды
'- Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі -  Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. «Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын! Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді. Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке. Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Нұрлан Нығматулин.