Иә, билік пен халық арасындағы байланыс үзілмеуі шарт, билік барынша бұқараға жақын болуы тиіс. Шенеуніктер алдына келген адамға шертимей, қайта мәселесін тыңдап, шешілуіне ықпал етуі қажет. Тыңдау демекші, жақында «Тыңдау» деп аталатын жоба іске қосылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мұрындық болуымен іске асқан жоба әрбір азаматтың мемлекеттік қызметті жетілдіруге және қолжетімді цифрлық мемлекетті құруға үлес қосуына мүмкіндік береді-мыс. Бұл жайлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Facebook парақшасында жазған болатын.
Халық пікірін ескеру қажет
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» барынша ашық және есепті мемлекетті қалыптастыру десек, тұжырымдаманың іске аспай жатуының басты себебі де азаматтар мен жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кері байланыстың болмауында болса керек. Мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалардың туындауының бір себебі де міне, осыған келіп тірелетін секілді. Мұны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы да мойындайды. Сол себептен де мемлекеттік аппарат ең алдымен халықтың пікірін барынша ескеруі тиіс екенін айтты. «Агенттік тек мемлекеттік қызметтерге шағым жинамайды. Біздің негізгі мақсатымыз – проблеманы анықтап, тиімді кері байланыс орнату. Жинақталған мәселелер базасына талдау жасап, мемлекеттік органдарға қажетсіз қадамдарды жою, халықтың мемлекеттік қызметтерді алу процестерін жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар беретін боламыз. Өткен аптада біз «Тыңдау» жобасын іске қостық және пробациялау мақсатында екі қызметті таңдап алдық. Олар - төлқұжат пен жеке куәлікті алу қызметі. Қазіргі уақытта осы бағыт бойынша азаматтардан ұсыныс жинау жалғасуда», – деді агенттік төрайымы. Осы жоба аясында еріктілердің ішінен алғашқы фокус-топ құрылған және ұсыныстар жинау жүріп жатырОсы орайда Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бас сарапшысы Бауыржан Бағлайдың пікірін сұрап білген едік. Оның айтуынша, жоба арқылы азаматтардың көзқарасын ескеру қажеттігіне басымдық беріліп отыр. «Мемлекеттік қызметтерді халыққа қолайлы, қолжетімді етудің ең ыңғайлы жолы қызметтерді оңтайландыру, оларды цифрлы форматқа көшіру жұмыстары өзекті екенін COVID-19 таралу жағдайы дәлелдеп берді. Оны әлі де дамыта түсу қажет. Менің ойымша «Тыңдау» жобасы «төменнен жоғары» (bottom-up approach) қағидасына негізделген, яғни азаматтардың ұсынысы негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу тетігі арқылы жалпы процесті оңтайландыру көзделеді. Сонымен бірге, жоба дизайны электронды қызметтерін тиянақты зерделеу мақсатында еріктілерден құралған фокус-топ жұмысын қарастырып отыр, яғни іске асыру тетігі ғылыми әдіске негізделген. Фокус топ алдағы уақытта негізгі мәселелерді анықтап, оның шешу жолдары бойынша жүйелі ұсыным береді деген ойдамын. Бұл өз кезегінде аталған жоба мысалында азаматтық қоғамның пікірі мен ұсыныстарын ескеріп, әр сала бойынша халықпен кері байланыс орнату механизмін жетілдіруге болады», – деді сарапшысы.«Тыңдау» – ерікті қолданушылардың пікірі негізінде құрылған жоба. Оған қатысу үшін электронды қызмет алу – басты талап. Барлығын tyndau.kz бойынша онлайн-сауалнама белгілей отырып, оның әрбір қадамын бағалау қажет. Жобаны толық пісіп-жетілген деп айтуға келмес. Жетілдіретін тұстары да жетерлік. Осы мақсатта қосымша ұсыныстар да әзірленіп жатқан көрінеді.
Жоба жетілдіруді қажет етеді
«Тыңдау» – ерікті қолданушылардың пікірі негізінде құрылған жоба. Оған қатысу үшін электронды қызмет алу – басты талап. Барлығын tyndau.kz бойынша онлайн-сауалнама белгілей отырып, оның әрбір қадамын бағалау қажет. Жобаны толық пісіп-жетілген деп айтуға келмес. Жетілдіретін тұстары да жетерлік. Осы мақсатта қосымша ұсыныстар да әзірленіп жатқан көрінеді. Мәселен, «электронды үкімет» порталында автоматты түрде теру және тек ЖСН-ді терген кезде азаматтың деректерін қол жеткізетін жасанды интеллект негізінде арнайы қосымшалар мен бірге жүктелетін сканерленген құжаттар мен фотосуреттерді түрлендіруге арналған көмекші қосымшалар дайындау қажеттігі бар. Сондай-ақ автоматтандырылған қызметтердің жұмысқа қабілеттілігін тестілеу, ЭЦҚ немесе бір рет қолданылатын құпия сөз көмегімен авторизациялау немесе қол қою кезінде туындайтын ақауларды анықтау жүргізілмек. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова электронды қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары ескерілетінін айтты. Бастысы, мүдделі органдармен бірлесіп, көрсетілетін қызмет алушыларды хабардар ете отырып пысықталмақ. «Тыңдаудың» тиімділігін уақыт көрсете жатар. Жолдауда жүктеген міндеттерді жұрт болып жұмыла орындауымыз қажет. Сонда ғана «халық үніне құлақ асатын мемлекет» болуға бір табан жақындай түсеріміз айқын.Сұңқарбек БАТАНҰЛЫ