Президент тапсырма берді
Президент тапсырма берді
480
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.

Президентке ассамблеясының қазіргі жұмыстары, ұйымның XXVII сессиясында берілген тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ еліміздегі этносаралық қатынас саласындағы жағдайлар жөнінде баяндалды. Тоқаев жүргізіп жатқан жұмыстары үшін Жансейіт Қан­сейітұлына ризашылық білдірді.

«Қазақстан халқы ассамблеясының белсенді жұмысы, соның ішінде президент сайлауы барысындағы еңбегі үшін ризашылық білдіремін. Ассамблея қоғамымыздың бірлігін сақтау үшін маңызды жұмыс атқарып келеді», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Түймебаев Мемлекет басшысына Қазақстан халқы ассам­блеясы мен Қазақстан Конституция­сының 25 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Президент қабылдауында болған Ақылбек Қажығұлұлы С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық уни­вер­­ситетінің қазіргі жұмыстары, сон­­дай-ақ аграрлық білім мен ғылымды же­тілдірудің жағдайы мен перспектива­лары туралы баяндады. Қазақстан Прези­денті университеттің қол жеткіз­ген табыстарын атап өтіп, ауыл шаруа­шы­лығын өркендетуге мүмкіндік бере­тін аграрлық ғылымды дамыту жө­нін­де­гі ұсыныстарды қолдады. Кездесу соңын­да Қасым-Жомарт Тоқаев уни­вер­­ситет басшы­сына нақты тапсырма­лар берді.

Сондай-ақ елорда әкімі Алтай Көл­гінов астананың негізгі әлеу­меттік-экономикалық көрсеткіштері мен бұрын берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәлімдеді. Прези­дент астананы абаттандыру жұмыста­рына тың серпін беруді тапсырды. Сонымен қатар LRT құрылысындағы жағдайды мұқият зерттеу қажетін айтып, қаланың инфрақұрылымын одан ары дамыту жөнінде бірқатар тапсырма беріп, міндет жүктеді.