Нұр-Сұлтанда 50 орындық дәмханалар қайта ашылады
Нұр-Сұлтанда 50 орындық дәмханалар қайта ашылады
Фото: Интернеттен алынды
191
оқылды
Елордада бүгіннен бастап 50 орындық дәмхана мен мейрамханалар жұмысы қайта басталады. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева шығарған қаулыда айтылғандай, 25 мамырдан бастап шамамен 50 адам отыратын орны бар дәмхана мен мейрамханалардың жұмысына рұқсат етіледі. «Залға 50 орындық қою керек және отыратын орындар арасы 2 метр қашықтықта болуы тиіс. Ұжымдық іс-шаралар өткізуге және банкет пен салтанатты залдардың жұмысына тыйым салынады» делінген ресми құжатта. Бірақ астанада әзірге карантин талабы жеңілдетілмейді. Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң қатаң сақтауы тиіс.