Білім министрі мектеп бітірген жылы университетке оқуға түсе алмағанына өкінбейтінін айтты
Білім министрі мектеп бітірген жылы университетке оқуға түсе алмағанына өкінбейтінін айтты
Фото: Интернеттен алынды
219
оқылды
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп бітірушілерге, колледж бен университет түлектеріне сәттілік тіледі. Министр Facebook-тағы парақшасында: «2020 жылдың түлектеріне жеке тоқталғым келеді. Құрметті, мектеп бітірушілер, колледж бен университет түлектері! Әркім болашағының жарқын болғанын армандайды. Сіздер мықты ғалым, табысты кәсіпкер ғана емес, адамгершілігі зор, жақсы адам, тұлға болатыныңызға сенімдімін. Тәуекелге бел буып, әркім өзі армандаған мамандықтың иесі бола алады. Ең бастысы, мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Еш қорықпаңыздар. Алған беттен қайтпау өте маңызды екенін өз басым білемін. Нақты қадам жасап, ойыңыздағыны іске асыру керек», – деп жазды. Министр мектеп бітірген жылы университетке оқуға түсе алмағандығын да айтты. «Одан ұялудың еш қажеті жоқ. Менің алдымда екі таңдау болды. Біріншісі – ақылы түрде оқу, екіншісі – 1 жыл дайындалып, кейін ҰБТ-ны қайта тапсыру. Сол кезде 1 жыл дайындалып, тесті қайта тапсырамын деп шешім қабылдадым. 1 жыл уақытымды табанды дайындық пен жұмысқа арнап, нәтижесінде, келесі жылы армандаған грантпен оқуға түстім», – дейді министр.