Nur Otan партиясы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жұмыс тобы еліміздегі ең өзекті мәселелерді бұған дейін де бірнеше рет талқылаған болатын.
Соның ішінде Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева, сондай-ақ жауапты министрліктер, үкіметтік емес ұйымдар барлық проблеманы шешудің жолдарын қарастырған еді.
Партия жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері еліміздегі шалғай елді мекендерді аралап, білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын тексеріп шықты. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесе жұмыс істеу арқылы тығырықтан шығудың тетіктерін қарастырды.
Көмекке зәру ана мен балаға, жағдайы төмен отбасыларға жан-жақты жағдай жасалады. Баланың құқығы туралы заң да қабылданды. Негізгі мақсатымыз – балаларды қорғау. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар жүзеге асырылады. Үкімет зорлау, қинау, зомбылық жасауды болдырмау мақсатында арнайы бағдарлама дайындап, мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп тұжырымдама жасап жатыр. Мақсат – билік пен мемлекеттік емес ұйымдармен бірігіп, балалардың әлеуметтік тұрмысын жақсарту.
Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің өңірлерге жүргізген тексеру қорытындысында анықталған келеңсіздіктердің 70%-і түзелді. Осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады.
Айта кетейік, кеңестің мақсаты – отбасын қолдау, балалардың құқығын қорғау үшін жүйе іс-шараларды дайындап, іске асыру. Республикалық қоғамдық кеңестің жұмыс тобы партия, елдің күш-жігерін жұмылдыратын бірегей алаңға айналып отыр.
https://www.youtube.com/watch?v=39K5vjDsMws