Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, блокбекетте екі полицейді қағып кеткен BMW жүргізушісіне қатысты жаңа деректер анықталды.
Департаменттің мәліметінше, 1994 жылғы жүргізуші осыған дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Алайда жұмыстағы міндеттеріне немқұрайды қарағаны үшін жұмыстан босатылған.
«Блокбекетте болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ, ең өкініштісі, жантүршігерлік апатты жасаған жүргізуші бұрын полицияда істеген. Ол полицияда алты жыл қызмет етті, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, ол рульге мас күйінде отырып, қылмыс жасады», – деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Кеше 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Көлікте екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.