Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қаза тапқан полицейлерді медальмен марапаттау туралы қаулыға қол қойды, – деп жазады akorda.kz.
«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, құқық тәртібін қамтамасыз етуге белсене қатысқаны үшін наградталсын:
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Жанғазиев Жарас Сұлтанғалиұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы;
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
Абдықанов Дастан Маратжанұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің полицейі.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген қаулыда.