Mathroom Boxing промоутерлік компаниясы басшысы Эдри Хирн орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жек қайта өтуі мүмкін екенін айтыпты.
Хирннің «Головкин-Шеремета жекпе-жегі – тамызда, «Канело» мен Сондерс – қыркүйекте, ал одан кейін Головкин мен «Канело» рингке желтоқсанда шығады. Жыл соңына қарай жағдай түзелсе, қалың көрермен Лас-Вегасқа оралады» деген сенімі бар.