Елбасы және елдік мұрат
Елбасы және елдік мұрат
389
оқылды

Қазақтың соңғы 100 жылдық тарихында елімізді басқарған қазақ саусақпен санарлық. Соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың дара тұлғасы айрықша жарқырап көрінеді. Осыдан 30 жыл бұрын Мәскеу билігіндегі қазақ еліне жас та жігерлі, ақылды да айбарлы, қажырлы да қайратты жаңа басшы сайланған болатын. Одақтас республикалар арасында Қазақстанның өз орнын айқындауға, КСРО тарқайтын тағдырлы тұста ел Тәуелсіздігіне қол жеткізуге Нұрсұлтан Назарбаев ерекше үлес қосты. Одақтың дегені болып тұрған заманның өзінде «Егемендік туралы» Декларация қабылдап, Қазақ елінің дербес мемлекет болуына түрткі болған, еліміз Тәуелсіздік алғанда жаңа мемлекеттің іргетасын қалап, еңсесін биіктетуге аянбай атсалысқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақты айдай әлемге танытты. «Қазақстан десе – Назарбаев, Назарбаев десе – Қазақстан» дейтін ұғым бір-бірімен, осылайша, астасты. Қазақстанды бейбітсүйгіш ел ретінде әлемге әйгілеп, ядролық қарудан бас тартты. Шекарамызды түгел шегендеп берді. Нарық пен демократияға негізделген жаңа тұрпатты қазақ қоғамын өз қолымен құрды. Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан әлемдегі озық 30 елдің қатарына кіруге бағыт алды.

Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен еліміз қандай жетістіктерге жетті? Оны төмендегі кестеден айқын көруге болады.