Барымташылар басылар емес
Барымташылар басылар емес
170
оқылды
«Бұзауды ұрлаған, өгізді де ұрлайды» демекші, мал ұрлығы басылмай тұр. Кісінің малы өзгеге мал бола ма? Оны ұғып жатқан ұры жоқ. Мал ұрлығы қоғамдық проблема болып тұр. Елімізде 2019 жылы 4 700-ден астам осындай қылмыс түрі тіркелген. Жақында Алматы облысында ірі қараны атып, етін сатып келген топ ұсталды. Қазақстанда мал ұрлағандарға жаза күшейді, себебі Қылмыстық кодекске мал ұрлығы бойынша арнайы бап енгізілді. – Мал ұрлығы және тонау, қа­рақшылық қылмыстары бойынша «тұрғын үйге, қызметтік немесе өн­дірістік мекемеге, қоймаға, кө­лікке заңсыз кіру» жағдайы қыл­мыстың ауыр санатына ауысты­рылды. Бұдан бөлек, енді мал ұр­лағандар мен малынан айырыл­ғандар ымыраға келе алмайды. Тыйым салынды. Қылмыстық ко­декстің 68-бабына түзету енгі­зілген, – дейді Ішкі істер министр­лігі Тергеу департаментінің бас­шысы Санжар Әділов. Оның айтуынша, мал ұрлаған адам 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, қылмыс­­тық топ 10 жылдан 12 жылға де­йін бас бостандығынан айырылады. Дегенмен өзгенің меншігіне қол салушылар тартынар емес. Жыл басында, яғни ақпанда Ал­маты облысында барымташылар қолға түсті. Олар­дың барлығы 37 бас жылқыны ай­дап әкеткені анық­талды. Олар негізінен Еңбек­шіқазақ, Кеген және Ұйғыр аудан­дарында барым­тамен айналысқан. Ұрлаған малды дереу сойып, етін сатып пайда тап­қан. Полицейлер күдіктілерді Ал­маты қаласында жалдамалы пәтерде жасырынып жатқан же­рінен ұстапты. – Ұсталғандардың жетеуі топ­тың негізгі мүшелері, яғни ұрлау, ұрланған малды тасымалдаумен айналысқан. Ал қалған төртеуі – мал сатып алушылар. Барлығы бір қылмыстық топтың мүшелері, жы­мысқы әрекеттерін іске асыру ке­зінде Алматы қаласындағы жалда­малы пәтерлердің бірінде тұрған. Дегенмен ол да кәсіби із кесуші­лерден жасырынуға мүм­кін­дік бер­­меді. Ұсталғандарға 8 дерек бо­йынша айып тағылды. Тек­серу ба­рысында тәртіп сақшы­лары ба­рымташылар алған малдың бір бө­лігін тірідей тауып, заңды ие­ле­рі­не қайтарды, – дейді облыс­тық По­лиция департаменті Кри­минал­дық полиция басқармасы басшы­сының орынбасары Дәурен Сәкенов.    width= 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топ Түркістан облысында да ұсталды. Полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков брифинг өткізіп, Түр­кістан облысының полицейлері 70 миллионнан астам теңге тұратын 150-ден астам жылқы мен сиыр ұрлаған қылмыстық топтың ұстал­ғанын атап өтті. Cәуір айында Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан малы ұрлан­ғаны жөнінде хабарлама келіп түс­кен. Оқиға орнына жедел-тер­геу тобы толық құрамда шықты. Жәбірленушінің айтуынша, полиция қызметкерлері оның 20-дан астам жылқысы жоғалып кет­кенін анықтады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 188-1-бап 4-бөлігі (мал ұрлығы) бойынша тіркеліп, полицейлер шұғыл іздес­тіру іс-шарасына кірісті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы Полиция депар­таменті криминалдық полиция қызметкерлері Түркістан қаласы мен Кентау қаласының 5 күдікті тұрғынын, оның ішінде ұрланған малдарды сатып алушыны да ұс­тады. Тергеу барысында барымта­шылардың 125 жылқы мен 30 бас ірі қара малын ұрлауға қатысы бар екені анықталды. Олардың 2017-2020 жылдар аралығында мал ұрлығының 19 оқиғасына қатысы бары белгілі болды. Полиция қызметкерлері аталған қылмыстық топтың ұйымдасқан түрде қылмыс жасағанын сеніммен айта алады. Қылмыстық топтың құрамындағы ұрылардың әрқайсысы өзіне жүк­телген міндетті орындаған. Кей­біреуі мал жайылымнан мал ұрлап алып шықса, басқалары олар­ды қора-жайларға жайғас­ты­рып отырған, ал үшіншілері ұрланған малдарды сатқан немесе сойып, етін өткізіп жүрген. Күдіктілердің үйін тінту кезінде тәртіп сақшы­лары 18 бас жылқы мен 9 сиырды тауып тәркілеп, оларды заңды иелеріне қайтарды. Қазіргі уақыт­та аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гі­зілуде. Жәбірленушілерге кел­ті­рілген шығынның жалпы көлемі 70 миллионнан астам тең­геге жет­кен. Күдіктілер қамауға алынды. Алматы облысы Кеген ауданы­ның полицейлері бірнеше рет біреудің қорасынан қой ұрлап, оны заңсыз саудалаумен айналыс­қан 3 адамды ұстады. Жедел-із­дестіру іс-шара­лары нәтижесінде, күдік­ті­лердің 19 жастағы жергілікті тұрғын­дар екені анықталды. Олар өз іс­терін толығымен мойындап, одан өзге бірнеше ұрлыққа қатысы ба­рын да айтты. Топ мүшелерінің бірі өз қолымен әкесінің шаруа қо­жа­лы­ғынан ұрлық жасауға көмек­тес­кен. Барымташылардың айтуынша, олар бұл іске ақша үшін барған. Сақтықта қорлық жоқ. Олай болса, әркім өзінің шаруашылық аулаларын сенімді қоршаумен ны­ғайтып, жарықтандыру керек. Үй малына ен-таңбаларын сал­дыруды ұмытпаңыз. Үй жануарлары жо­ғал­ған немесе ұрланған жағдайда тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабар беріңіз.  

 width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ