Ауданда 17 науқас тіркелген. Күн сайын індетке шалдыққандар анықталып жатыр. Аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы арнайы брифингке айтылды.
Облыс әкімінің айтуынша, азаматтардың барынша оқшаулануының арқасында Атырау қаласында вирустың таралуына жол берілмеді.
Ал ауылдардағы көрсеткіш күннен-күнге көбейіп барады.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамедов: «Өкінішке қарай, вирус қазір біздің аудандарда анықталуда. Мақат кенті мен Жылыой ауданында карантин жарияладық. Жылыойда – 17, Мақатта – 7 жағдай тіркеліп отыр. Қауіп сейілген жоқ, – дейді.