Блокпостта полицейлерді өлтірген BMW жүргізушісі қылмысқа қасақана барған болуы да мүмкін – Сүлейменов
Блокпостта полицейлерді өлтірген BMW жүргізушісі қылмысқа қасақана барған болуы да мүмкін – Сүлейменов
Фото: Интернеттен алынды
302
оқылды
Адвокат Жангелді Сүлейменов Алматы іргесіндегі блокбекеттердің біріндегі жол апаты қасақана жасалған болуы мүмкін деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Astana TV. Телеарнаға берген сұхбатында: «Менің ойымша, тергеу жұмыстарында бір шикілік бар. Қылмыстық кодекстің 99-бабында, қылмыс белгілі бір мақсатпен жасалуы мүмкін екені қарастырылған. Яғни, күдікті ішімдік ішіп көлікке отырды, өзі соғылған патрульдік көлікте адамдар отырғанын білді деп ойлаймын. Демек, ол қылмысты әдейі жасауы мүмкін немесе істеп жүрген ісіне есеп бермеді», – дейді Жангелді Сүлейменов. Айта кетейік, тергеу жұмыстары басталды. BMW жүргізушісінің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.