Білім гранты бірінші кезекте тұрмысы төмен жастарға берілуі тиіс – Ұлттық кеңес
Білім гранты бірінші кезекте тұрмысы төмен жастарға берілуі тиіс – Ұлттық кеңес
Фото: Интернеттен алынды
227
оқылды
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов ЖОО-лар бойынша гранттарды алдымен табысы төмен отбасылардан шыққан жастарға бөлуді ұсынды. «Жоғары білімді дамытудың концептуалды ұсыныстарын әзірледім. Бұл саланы кеңірек бағалау үшін елде үш аңыз барын атап өту керек: бірінші аңыз – «елде студенттердің саны өте көп». Шынында да, миллион халыққа есептегенде бізде студенттер саны АҚШ-тан қарағанда екі есе, Малайзиядан қарағанда бір жарым есе аз. Екінші аңыз – «Қазақстанда қазіргі таңда ЖОО-лар саны өте көп». Шынтуайтында, Қазақстанда АҚШ, Франция мен Ресейден қарағанда (халық санымен есептегенде) олардың саны аз. Үшінші аңыз – Қазақстанда білім сапасы тиімсіз. Айтарым, бізде бұл салаға бөлінетін қаражат тым аз. Бұл салаға қаражат бөлу жағынан (3,3 пайыз) әлемде біз 39-орындамыз», – деді Асылбек Қожахметов Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің кезекті отырысында. Оның айтуынша Малайзия қорғанысқа қарағанда білімге 13 есе, Корея 8 есе, Грузия 5, Қазақстан 3 есе артық қаражат бөледі. Ұлттық кеңес мүшесі Асылбек Қожахметов ЖОО-ларда білім гранттарын табысы аз отбасылардан шыққан жастарға беру керегін айтты. «Мәселен биыл Оксфорд пен Кембридж университеттеріне сол елдің Үкіметі кедей отбасылардан шыққан балалардың үлесі жалпы абитуриенттердің 7 пайызына теңесуі керектігін тапсырды. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін біз де мемлекеттік гранттарды табысы аз отбасылардан шыққан балаларға беруіміз керек», – Қожахметов.