Алматыда қонақүйден өрт шықты
Алматыда қонақүйден өрт шықты
Фото: Интернеттен алынды
277
оқылды
Алматыда Жетісу, 46 Б мекенжайында орналасқан «Гыньяз» қонақ үйінен өрт шықты. Әп-сәтте үшқабатты ғимарттың шатыры қызыл алауға шарпылды. Өрт туралы ақпарат 9 сағат 59 минутта түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта келіп, сөндіру жұмыстарына кірісті. Ғимараттың өртеніп жатқандығы туралы іргелес орналасқан дүкен қызметкері хабарлаған. «Өрт сөндіру қызметкерлері Жетісу ауданында жылдам тарап жатқан өртті сөндіріп жатыр. 3 қабатты ғимараттың төбесі отқа оранған» деді Алматы ТЖД. Өрт сөндіру жұмыстарына 55 адам мен 16 техника, оның ішінде үш автобаспалдақ жұмылдырылған. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, ғимараттың шатыры темір болғандығы және сол маңайға қойылған жеке көліктер өрт сөндіру жұмыстарына біршама қиындық тудырған. Қазір темір шатыр алынып, жеке көліктер эвакуатордың көмегімен басқа жерге орналастырылды. Алдын ала тексерулерге қарағанда, ғимарат карантин жағдайына байланысты әзірге іске қосылмаған және онда адамдар болмаған.