Бай отбасылардың балаларына мемлекеттік грант бермеу ұсынылды
Бай отбасылардың балаларына мемлекеттік грант бермеу ұсынылды
Қазақстандағы табысы аса жоғары отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік грант беруге тыйым салу ұсынылды. Грант үлестіріп жатқанда баланың үлгеріміне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық факторларға да қарау керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Асылбек Қожахметов осындай ұсыныс жасады.
- Үй-ішінің табысы жоғары абитуриенттер грант алмауы керек. Гранттарды табысы төмен отбасылардан шыққан барлық абитуриенттерге 50 балл жинаған жағдайда бере салу керек. Биыл Ұлыбритания үкіметі Кембридж бен Оксфорд университтеріне балалардың кемінде 7%-ын кедей отбасылардан қабылдауды тапсырды. Әлем өзгеріп жатыр. Әлеуметтік лифт жұмыс істеуі үшін мемлекеттік гранттарды табысы төмен адамдарға бағыттау керек, - деді Асылбек Қожахметов.