«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В.» (КПО) компаниясы мен Honeywell (NYSE: HON) корпорациясы Қарашығанақ жобасындағы жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қол қойған меморандум аясында Honeywell меншікті сауда белгісіндегі құрал-жабдықтар мен технологияны жергілікті жинау ісін жолға қоюға, сондай-ақ Honeywell мен қазақстандық серіктестік арасында қазақстандық компанияның технологиялық күрделірек жұмыстарға тартылуына мүмкіндік беретін консорциум құруға ниет білдірді.
КПО мен HONEYWELL компаниялары көп жылдан ынтымақтастықта жұмыс жасауда, мәселен, Honeywell сандық шешімдері эксплуатациялық бүтіндік пен мұнай және газ ұңғымалары мен кешенді дайындық қондырғыларының технологиялық процесстерін қашықтан басқару мүмкіндігін қамсыздандыру арқылы Қарашығанақ кен орнындағы өндірістік процесстерді қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етіп келеді.
Меморандум Қазақстан аумағы бойынша өндірісті оқшаулау жөніндегі өзіндік құрал-жабдықтың шетелдік өндірушілерін КПО, сондай-ақ Қарашығанақ кен орны маңында өдірістік кластер мен қазақстандық кадрларды кәсіби дамыту мақсатында шетелдік және қазақстандық компаниялар арасындағы бірлескен кәсіпорындарды құру талаптарын ескере отырып жасалды.
«КПО мен акционерлеріміз мемлекетіміздің индустриалды-инновациялық дамыту жөніндегі бастамаларын толығымен құптайды. Бүгін қол қойылған келісім КПО еліміздің экспорт тауарларды жасауға арналған қайта өңдеу секторындағы трансұлттық компанияларды тартуға және Қазақстанның әлемдік нарыққа шығуына қосқан үлесі. Мұның алдында, Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бағдарлама аясында КПО компаниясы отандық қайта өңдеу секторына Tenaris, Halliburton, General Electric, Schneider Electric және басқа да жаһанды көшбасшы компанияларды тартқан болатын. Бұл КПО Қазақстан Республикасында жасалған әлемдік озық үлгідегі өндіріс технологияларын пайдалануға мүмкндік берді», – деп атап өтті КПО бас директорының орынбасары Марат Кәрімов.
Honeywell корпорациясы өндірістік технологияларды жасаумен шұғылданады және Fortune журналы құрастырған 100 әлемдік озық компаниялардың тізіміне кіреді. Корпорация аэроғарыш техникасы, арнайы материалдар, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындар мен ғимараттарға арналған басқару жүйелері секілді салаларға өнім ұсыну және қызмет көрсету арқылы бүкіл әлем бойынша тапсырыс берушілерге қызмет көрсетеді.
Сонымен бірге, үстіміздегі жылдың наурызында КПО қолдауымен Honeywell компаниясы мен Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) арасында Алматы қаласында жаңа аймақтық автоматтандыру орталығын құру туралы келісімге қол қойылған еді. Автоматтандыру орталығы ҚБТУ «Автоматтандыру және басқару» мамандығында оқып жатқан студенттердің дағдысын жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ осы орталықта жергілікті кәсіпорын инженерлерін оқыту және біліктілігін арттыру курстарынан өтетін болады.
Қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Honeywell Process Solutions бөлімінің президенті Джон Рудольф былай деді: «КПО ынтымақтастық арқылы біз Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін Индустрияның 4.0 су жаңа технологияларымен қолдау көрсетудегі ниетімізді растаймыз және бұл кәсіпорындардың қауіпсіздігін, сенімділігі мен табысын арттыруға септігін тигізеді. Кәсіпорынның бүкіл тіршілік кезеңінде қолданған сараптамаларымыз, технологиялар мен аналитикамыз осыған мүмкіндік береді».
Honeywell арасындағы меморандумға қол қою – КПО қазақстандық жоғары технологиялық өндірістік және сервистік әлеуетін дамытуға технологиялар енгізуге және инвестициялар тартуға бағытталған келешегі мол және өзара пайдалы ынтымақтастықты дамытуға жасаған тағы бір қадамы.
Арман ҚҰСАЙЫНОВ,
Нұр-Cұлтан