Құрлықтық хоккей лигасының алдағы маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Құрлықтық хоккей лигасының алдағы маусымы қашан басталатыны белгілі болды
© Сурет ғаламтордан
254
оқылды
Құрлықтық хоккей лигасының 2020/2021 жылғы кезеңі басталатын мерзім анықталды. Бұл туралы лига сайты мәлім етті. Құрлықтық хоккей лигасы алдағы маусым 2020 жылдың 2 қыркүйегінде басталады деп жоспарлап отыр. Бұл мерзім Ресей хоккей федерациясымен келісілген. Жылма-жыл дүбірлі додаға ресейлік және өзге де елдердің командалары қатысып келеді. Сондықтан жаңа маусымның басталуы сол елдердегі коронавирус инфкциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайға тікелей қатысты. Естеріңізге сала кетелік, аталған турнирдің 2019/2020 жылғы кезеңі плей-офф сатысының жартылай финалында тоқтатылды. Елордалық «Барыс» ширек финалда Магнитогорскінің «Металлург» командасын орта жолда қалдырып, жартылай финалға жолдама алған еді. Дегенмен қатерлі індеттің таралуына байланысты оған қатысудан бас тартты.