«Рыжий Алмаздың» бауыры 4 жылға сотталып кетті
«Рыжий Алмаздың» бауыры 4 жылға сотталып кетті
223
оқылды
27 мамырда Алматы қаласының Алматы аудандық сотының үкімімен «Транстелеком» АҚ бұрынғы президенті Асқар Нәсенов 4 жылға түрмеге жабылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен бірге Нәсенов 3 жылға материалдық-жауапты лауазым атқару құқығынан айырылды, -
«Осыған дейін А.Б.Нәсенов «КТ&Т» ЖШС-мен заңсыз консорциалдық келісім жасау арқылы мемлекет қаражатын жымқырды және 2,1 млрд теңге сомасында қаражатты төледі деп күдікке ілінген болатын», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 2013 жылы Нәсеновке қол астындағылармен бірге телекоммуникациялық және спутниктік құрылғыларды жалға алу бойынша заңсыз келісімшарт жасады деген күдікпен іздеу жариялаған. Асқар Насенов 90-жылдардағы белгілі қылмыс әлемінің серкесі, «Рыжий Алмаз» деген лақап есіммен атағы шыққан Несіпбай Нәсеновтің туған інісі. Семей қаласында өмірге келген.