Туризм табыстан қағылды
Туризм табыстан қағылды
180
оқылды
Қазақстанның туризм саласы коронавирус салдарынан табысының 80 пайызынан айырылуы мүмкін. Мұндай болжамды Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков айтты. – Коронавирус індетінің отандық туризмге кері әсері өте зор болатынын атап өту керек. Біздің есептеулерімізге сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты биыл көшпелі туризм саласындағы шығын 70-80 пайызға жуықтайды, – дейді комитет төрағасы. Рысбековтің айтуынша, Ұлттық банк мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылы туризм саласы қызметтерінің экспорт көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құраған. Осыған орай төтенше жағдайға байланысты ел Үкіметі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және туристік қоғамдастықтың ұсынысы негізінде туризм саласындағы субъектілерді мемлекеттік қолдау бойынша бірқатар жедел шара әзірлеген болатын.  

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ