Жас сарбаздар карантинге жатады
Жас сарбаздар карантинге жатады
123
оқылды
Елдегі коронавирус жағ­­­дайына байланысты жас­­тар әскер қатарына қа­был­данар алдында 14 күн карантинде жатып, инфек­циялық тесттен өтетін бо­­ла­ды. Алматы қаласы Қор­­­ғаныс істері жөніндегі де­пар­­­таменттің басшысы Аман­тай Өсербаев осы мә­селе жөнін­де баяндады. Әуелі әкімнің шешіміне бай­­ланысты медициналық ко­миссияның құрамына жұқ­палы аурулар маманы қосы­лады. Барлық шақыру орын­­дарында медициналық пост қойы­лып жатыр. Яғни, әрбір шақырыл­ған азаматтың дене қызуы тек­­серіліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне көрінеді. Сондай-ақ әскерге шақы­рылғандардың ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыс­тары шақырылмайтын болды. Тек санитарлық нор­маларды сақтай отырып рәсім өткізіледі.                                         

М.ХАҚНАЗАР