Карантинде Көкжайлауда көңіл көтергендердің кім екені анықталды
Карантинде Көкжайлауда көңіл көтергендердің кім екені анықталды
Фото: Интернеттен алынды
210
оқылды
Алматыда карантин режимі кезінде Көкжайлау шатқалындағы сауық кешін өткізгендердің кім екені анықталды.
Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов: «Бірнеше күн бұрын Көкжайлау шатқалында бір топ адам кино көріп, концерт ұйымдастырып, көңіл көтерген. Олардың кім екендігі анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жазаға тартылды. Қазір қылмыстық жаза қарастыру мәселесі қойылып отыр. Қазір бұл территория Алматы әкімдігінің қарауына берілгенін білесіздер. Жер учаскесінің тағдырына байланысты әкімдік пен министрлік талқылау жүргізіп жатыр», ­­­– деді.
Еске салай кетейік, өткен аптада карантин талабын ескермей, Көкжайлау шатқалында бір топ адам сауық кешін ұйымдастырып, тауда демалған.