Электронды темекіні кім қолдайды, кім қарсы?
Электронды темекіні кім қолдайды, кім қарсы?
Фото: Интернеттен алынды
389
оқылды
«Олардың зияны шылыммен бірдей әрі онкологиялық ауруды тудыратын бірден-бір құрал» дегенді дәрігерлер айтумен келеді. Көрші Ресей бұл мәселені осыдан төрт жыл бұрын үкіметтік деңгейде көтерілген. Ал АҚШ болса, электронды темекінің кесірін шылымдық өніммен тепе-тең көріп, заңды тұрғыда қатаңдатқан. Қазақстанда оның дауы әлі басылар емес… Еліміздің қоғамдық қорлары осының анық-қанығын білу үшін сауалнама жүргізген. Нәтижесінде, халықтың үштен бір бөлігі электронды темекіні зиянды деп ойламаған. Алайда мамандардың айтуынша, электронды темекі кез келген техникалық құрылғы секілді  құрал. Егер оны жазылу бойынша дұрыс пайдаланбаса немесе шеттен тыс пайдаланса, пайдасынан кесірі көптігін жасырмады. Оның үстіне, біздің нарықта көбіне сапалы емес көшірмелері сатылады. Ал бұл дегенеміз  –  зиян. Ондайда сатушылар біле тұрса да, тіс жармайтыны тағы бар. Бүгінгі күнде электронды темекінің керегі бар ма, жоқ па? Дәрігер-психотерапевт Диляна Бакиеваның айтуынша, қандай шылым болса да оның құрамында никотин бар. «Міне, миды зақымдайтын – осы. Тіпті, аз мөлшерінің өзі миды улайды екен. Сондықтан көбіне электронды темекі шегушілердің басы айналып, жүрегі айнып, бас ауруына шалдығады», – дейді ол. Ал «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова кез келген адамның барлық мәселеде таңдауға құқығы бар деп есептейді.
– Бірнеше жылдардан бері біз электронды темекі мен кәдімгі темекіні әртүрлі тауар санатына жатады. Оларды теңестіруге болмайды. Электронды темекі шылымға қарағанда зияны он есе аз. Жалпы, шылым шегу  – бұл тәуелділік. Адамдар физикалық, психологиялық және жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін темекі шегеді. Темекі шегушілер үшін электронды темекі шылымның баламасы. Ол адамның тәуелдігін қанағаттандырып қана қоймайды, оның зияны да тимейді, – дейді ол.