Әскери қару-жарақ қоймасының жарылысынан зардап шеккен арыстықтарға Қазақстанның әр өңірінен қолдау көрсетілуде. Бұл ізгі істен парламентшілер де қалыс қалмады.
Мәжіліс депутаттары Арыс қаласының тұрғындарына көмек қолын созу ретінде біркүндік жалақыларын аударатын болады.
Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен өткен Парламент Мәжілісінің бюро отырысында «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына біркүндік жалақыны аудару туралы қаулы қабылданды.
Қаражат Түркістан облысының Арыс қаласында болған төтенше оқиғаға байланысты жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге арналады.
Елдос СЕНБАЙ