Қауесет балық саудасын күрт азайтты
Қауесет балық саудасын күрт азайтты
246
оқылды
Естеріңізде болса, осыдан бір апта бұрын WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «2 жылға дейін балық жемеңдер. Сардоба су қоймасы ашылып, 10 000  үйдің әжетханасын Сырдарияға ағызып тас­тап­ты. Ондағы балықтар ең жаман деген ішек таяқ­ша­­лары, сифилис, сары ауруы сынды ауруды таратуы мүм­­кін. Сондықтан өздеріңді, отбасыларыңды сақ­таң­дар, бір-бірлеріңізге ескертіңіздер, балық же­ме­сін, өтініш» деген мағынадағы хат тараған болатын. Шымкенттегі балық сатуды кәсіп еткен сатушылар жақында осы қауесеттің салдарынан сау­даның күрт төмендегенін айтып, биліктен көмек сұрады. Күніне кем дегенде 500 келі ба­лық сататын кәсіпкер Ләззат Мырзалиева осы қауесет шық­қан бір аптадан бері бар-жоғы 20 келіге жетпейтін балық қана сатамыз деп отыр. «Мүмкін, елдегі карантин жағдайына байланысты сауда төмендеген шығар?» деген сұрағымызға ол карантин кезінде де демалыссыз жұмыс істегенін айтады. «Біз сау­даның азық-түлік түрі­не жатамыз. Сондықтан би­лік біздің жұмысымызға шек­теу қойған жоқ. Тіпті, онлайн тап­­­сы­рыспен жұмыс істе­ген кафе-асханалар да алып тұ­ра­тын. Өздеріңіз білесіздер, адамдар үйінде отырған соң көбіне ба­лық қуырып, кәуап жеді. Шым­кент қаласына жа­­қын жер­дегі Қазы­ғұрт, Тө­­леби, Сай­рам және Түл­кі­­бас ау­­д­андарына кө­­тер­ме баға­­мен күн сайын та­ң­ер­тең 6-дан бастап алып кетіп тұрды. Өткен аптаның сәр­сенбісі күні түнгі 23-терде менің де те­лефоныма сондай ха­бар­ла­­ма келді. Ертесіне әлі ести қой­­маған бірен-саран клиент­тер келіп, 150 келідей балық алып кеткен. Ал оның ертесіне, яғни жұма күннен бастап сауда бірден тоқтап, сап тыйылды. Міне, бір апта болып қалды. Содан бері балығымыз өтпей, тоңазытқышқа сыймай сасып жатыр. Негізі, бізге балық  Аты­­раудан, Шардарадан, Балқаш­тан, Көксарай мен Бөгеннен, кейде Ресейден де келіп жата­ды. Барлық балық дәмді, осы 27 жылда бірде-бір адам ша­ғым айтып келген емес», – дейді сау­дагер Ләззат бізбен әңгі­ме­сін­де. Қазір сырттан тауар алмақ түгілі, 1 000 келідей балықты қай­да сыйғызарын білмей отыр­­ған бұл жалғыз кәсіпкер емес. Осында балық сатуды кә­сіп еткен бірнеше саудагер де шы­­ғынға ұшырағанын айтады. Бар-жоғы 2-3 нүкте ғана есік ашып отыр. «Балық сату оңай емес. Бұл – сауданың өте кір­пияз түрі. Соған қарамастан үй­рен­ген кәсібіміз болған соң, осында нанымызды тауып отыр­­­­ған­быз. Тез бұзылатын та­уар бол­ғандықтан, өзіміз де әре­­кеті­мізді жасап, барлық мүм­кіндікті қарастырамыз. Күн сайын 10 мың теңгеге мұз алып тоңазытқышқа тастай­мыз. Мәселен, тауар келе сала мұздатқыштың барынша сал­қын градусына қойып, оны жыл­жытпай сақтасақ, ол бір­неше айлап бұзылмай тұра бере­ді. Алайда қазір біз балықты бір алып, бір салып бұзып алып жа­тырмыз», – дейді ол. Сатушылар «балықтан си­фи­­лис ауруы жұғады» деген қауе­сеттің ақылға қонбайтынын айта­ды. Шымкент қаласы бойынша ветеринар-санитарлық дәрігер Бауыржан Үсенбекұлы бірнеше жылдан бері осы аймақтағы ба­­лықты тексеріп, қорытынды шы­­ғарып жүргенін айтады. «Әр­бір сырттан келген балық тек­серіледі. Ең алдымен, құ­жа­­­тын, одан соң сапасын, құра­мын, балықтың сақталу жағ­да­йын қадағалаймыз. Қорқатын еш­нәрсе жоқ. Талдау-сараптау қоры­тындысымен барлығы та­лап­қа сай сатылуда. Мұнда ауру ба­лық келген емес», – дейді ол. Балық бизнесімен айна­лы­су­ш­ылар күнделікті табысынан айырылғанымен қоймай, тө­лей­­тін несиесін де уайымдап отыр. Балықтың сапасы туралы анықтама да жұртты сендіре алмай жатқан көрінеді. Айта кетейік, WhatsApp әлеу­­меттік желісінен бөлек, рес­­ми өкілдер де осы мәселеге қа­­тысты хабарлама таратқан. Түркістан облыстық орман ша­­руашылығы және жануарлар дү­ниесі аумақтық инспекциясы ба­лық шаруашылығы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбай КТК арнасына берген сұх­ба­тында «Тасқын сумен кел­ген балық адам өміріне қа­уіп­ті. Мұн­дағы балықты мүл­­дем жеу­ге де, пайда­ла­­нуға да бол­май­ды. Соны ескер­те­міз. Адам­ның ағзасына өте зиян. Ол са­­рап­­та­маның қоры­тын­ды­сын­­да бактериялық неше түр­­лі ауру, таяқша табылып отыр» деген болатын. Шәкен Бо­ранбай артынша «Сардоба су қоймасы мен Сырдария өзе­нінің арақашықтығы ал­шақ. Яғни, топан судың бір там­шысы да Сырдария мен Шар­дара су қоймасына келіп құйыл­маған. Жеуге жарамсыз ба­лықтар туралы мәліметтің Сырдария өзені мен Шардара су қоймасына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми мәлімдеймін. Жал­ған ақпарат таратқан адам­ға заң шеңберінде шара қол­­данатынын ескертеміз», – деді. Рас, Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі ветеринариялық бақы­лау және қадағалау ко­ми­те­тінің «Республикалық ве­­те­­ри­нарлық зертхана» ма­­­­мандары жасаған сарап­та­мада Сардоба су қойма­сы­нан то­пан сумен бірге Ма­қ­та­арал ау­данындағы бір­қа­тар елді ме­кенге ағып кел­ген балық­тар­дың жеуге жарам­сыз­ды­ғы анықталған. Дегенмен Түр­кіс­тан облыстық Тауарлар мен көр­сетілетін қызметтердің са­пасы мен қауіпсіздігін бақы­лау департаментінің өкіл­де­рі Мақтааралдағы жеуге жарам­сыз балықтар бүгінгі таңда то­лы­ғымен жойылғанын айтып, қазір тұрғындар ден­сау­лы­­ғына балықтан келер қауіп жоқ­тығын мәлімдеген-ді. Десе де, кейбір әуесқой ба­лық­шылар әлеуметтік желіге жал­ған ақпаратты таратып жі­бе­­­­ріпті. Иә, жұрттың әлеуметтік же­лідегі сөзі шындыққа жана­са­­тындай болған соң шынында тік­сініп қалғаны рас. Қалай бол­ғанда да, саудагерлерге обал.    width=       Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы