Біз елдігімізді тағы таныттық
Біз елдігімізді тағы таныттық
319
оқылды

Арыс тұрғындарына Қазақстанның түпкір-түпкірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан азаматтардың саны артып келеді. Кеше халықпен есептік кездесуінде Қазақстан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай хабарлады.

«Арыстағы ағайынмен біз де бірге екенімізді айтқым келеді. Ке­шегі қайғылы оқиғада қаза бол­­ған азаматтардың туған-туыс­­тары мен жақындарына қайғы­рып көңіл айтамыз. Жа­рақат алған кісілердің тез са­уы­ғып ке­туін тілейміз. Біз тағы да елдігімізді таныттық, «Жұ­мыла кө­терген жүк жеңіл» демекші, осындай тосын оқи­ғада бір жұ­ды­рықтай жұмыла білетін бірлі­гімізді көр­сеттік. Арыстан уақыт­ша эвакуа­ция­ланған ағайынға Қазақ­стан­ның түкпір-түкпірінен көмек беруге ықылас танытып жатқан аза­мат­тардың да саны артып жа­тыр», – деді Дәурен Абаев.

Осы орайда, министр Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға орнына арнайы барып, халыққа тиісті қолдау мен көмек көрсетілетінін айт­қанын еске салды. «Кешеден бері «Арыс, біз біргеміз» атты акция ұйым­дастырылып жатыр. Біз де арыс­тықтармен біргеміз. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қызметкерлері де зардап шеккен қалаға көмек ретінде біркүндік жалақымызды аударамыз. Біздің министр­лікке қарасты ұйымдар да осындай қадам жасап жатыр екен. Бұл бастаманы қолдаймыз», – деді министр.