Бүгінде қазақстандық оқушылар арасында электронды темекі шегу көрсеткіші күн санап артып келеді. Мысалы, Ұлттық денсаулық сақтау орталығының жүргізген зерттеуіне сәйкес, тұтынушылар саны ұлдар арасында үш есе, қыздар арасында екі есе өскен.
Олардың мәлімдеуінше, ұл балалар темекіні 11 жастан бастап шеге бастаған. Қазір жеті мыңға жуық баланың 6%-ы және 11-15 жастағы қыздардың 3,7%-ы өмірінде жоқ дегенде күніне бір-екі рет темекі шеккен. Дәрігер-пульмонологтың айтуынша, электронды темекідегі бу жай ғана шылымнан шығатын бу секілді емес. «Оларға арнайы хош иіс қосады. Бумен тазарту кезінде оған арнайы сұйықтық қосылады, ол қызған кезде бу шығады. Бұл бу – альдегидтер мен химиялық заттар. Олар канцерогенге айналады. Міне, осы нәрсе қатерлі ісікке, өкпе рагына әкеледі», – дейді Әлия Шагирова. Электронды темекі АҚШ, Жапония және Ұлыбритания сияқты елдерде танымал дүние. Бірақ ол жақта хош иісті шылым шегетін қоспаларды сатуға тыйым салуда. Ал бізде ше?!