Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа шалдыққан Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянға денсаулық тіледі.
Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Армения премьер-министрі Н.Пашинянның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Ол өз қажыр-қайратының арқасында дерттен құлан-таза айығып, достас Арменияның игілігі жолындағы қызметіне қайта оралады деп сенемін», – деп жазды.
Бұған дейін Никол Пашинянның коронавирусқа шалдыққаны анықталған болатын. «Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті», – деп дәрігерлер ресми хабарлаған. Отбасы мүшелері де коронавирус жұқтырған. Барлығы оқшауланған. Тиісті ем қабылдап жатыр.