Нұр-Сұлтанның іргесіндегі Қосшы елді мекенінде жолаушылар автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысты. Бұл ақпаратты STC компаниясының баспасөз қызметі растады
«Бүгін сағат 14:05-те «Лесная поляна» тұрғын үй алабы маңындағы Қарқаралы тас жолы мен Республика көшесінің қиылысындағы бағдаршамның істен шығуы салдарынан №303 бағдарындағы автобус пен «КамАЗ» автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде 25-ке жуық жолаушы болды», – деді компания өкілі.
Ресми мәліметте автобус жүргізушісі сағатына 17 шақырым жылдамдықпен қосалқы көшеден шығып, КамАЗ жүк көлігімен қақтығысқан.
Қазіргі мәлімет бойынша, жөл-көлік оқиғасы салдарынан оннан астам адам зардап шекті.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың сол және алдыңғы жағы зақымдалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Оның қоғамдық көліктегі тәжірибесі 25 жыл. Рейс алдындағы медициналық тексеруден бүгін сағат 05:00-де өткен. 2019 жылы біліктілікті жоғарылату орталығында оқыған» делінген ресми ақпаратта.