Оқулықтағы олқылыққа кім жауапты?
Оқулықтағы олқылыққа кім жауапты?
527
оқылды
«Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бас­та­уымыз керек». Бас ұстазы­мыз Ахмет Байтұрсы­нұлы оқы­ту мен оқулыққа қатты кө­ңіл бөлген. Оқу құралының ең ұлығын бала оқытатын кі­тапқа теңеген. Ал қазіргі мек­теп бағ­­дарламасына ла­йық­­тап жа­­зылған кітап Бай­тұр­­сынұ­лы­­ның стандар­ты­на сай ма? Президент оқулықта кет­кен қате үшін жауапқа тар­та­тынын мә­­лімдеді. Бұл оқу­лық жазу процесіне қаты­са­тын­­дарды қам­шылай ма? Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сі­нің үшінші отырысында білімнің берері талқыға түсті. Мемлекет кем-кетікті жіпке тізді. Біріншіден, қаржыландыру жүйесін қолға алу керегін айқындап берді. Ал екінші себепті нұсқағанда, білім сала­сында жүргендер басын көте­ре алмады, білем. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бәрі жүйесіз реформаның салдары. Расы­мен де, қашанғы проблеманы түсін­діре­міз? Оқулық мәселесіне келгенде қатаң шара қолдану керек емес пе? Өйткені оқулықта өріп жүрген қатені билікте жүрген депутат та, басы-қасында жүрген мұғалім де, қарапайым тұрғын да сан мәрте жазды, айтты. Сонымен, оқу­лық­тағы ел айтқан қателерді еске түсі­рейік.  

Қате бәрінен кетеді, алайда...

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл жалпы білім беретін мектеп­тер­дің 1-сынып оқушы­ларына ар­­налған Н.Мұхамеджанова ау­дар­ған Smiles 1 Pupil's Book for Kazakhstan Grade 1 ағылшын тілі пәні оқулығында кеткен бірнеше қа­те­ні жазған еді. «Мәселен, түс­тер бөлімінде blue орысша «голу­бой» деп берілсе, қазақша «көк» деп аударылған. Дұрысы, әрине «көгілдір». Pink орысша «розо­вый» делінсе, мемлекеттік тілде «ал қызыл» деп көрсетіліпті. Дұрысы, бұл – сөз тіркесі емес, бір сөз, бірге жазылады. Бұрыс жазу сандар бөлімінде де байқалады. Мәселен, three қазақшасы «уш» деп беріліпті. Table қазақшасы «устел» екен. Big дегеніміз «улкен» көрінеді. «Ү» әрпінің кімге, нелік­тен ұнамай қалғаны, оған не се­беп­тен қырғидай тиіп, жөнсіз ал­мас­тырылғаны түсініксіз» деп Facebook парақшасында мәселе кө­тер­­ген-ді. Сондай-ақ депутат орыс­ша аударманың жазылуында бірде-бір қате жоғын атап өтті. Ол жауапты тұлғалар, оқулықты әзірлеушілер, олардың үстінен қараушылар бірінші кезекте орыс және ағылшын тіліндегі нұс­қаларының дұрыс болуына баса мән беретінін байқаған. «Ал мемлекеттік тілдегі нұсқасы «әй­теуір бар болса болды» деген нем­құрай­дылықтың құрбаны болған сыңайлы» деп бағасын берген. Ағылшын тілі оқулығындағы қа­зақша аударма сапасына «Оқу­лық» орталығы нендей уәж айт­қа­ны қызық болар? «Оқулық» рес­пуб­­ликалық ғылыми-практи­ка­лық орталығының экс-директоры Бей­біт­гүл Каримова сөздікті қа­рап көру керегін айтқан. Қажет болса, оқу­лыққа қосымша сөздік шы­ға­ра­­тынын мәлімдеген. Ал қатені таза техникалық ахуалға теліді. Қатенің өзі бірнеше түрге бө­лі­неді. Орфографиялық, син­так­­систік, жүйе тұрғысынан кеткен қате деп топшылауға болады. Оқу­­­лықтағы олқылықтың ретін бі­р­із­ділік мәселесіне бұрсақ. Б.Әрінова, Г.Раева, Г.Каримова жаз­­ған, «Атамұра» баспасында жа­рық көрген «Қазақ тілі» оқулы­ғы­ның (6-сынып) 5-бетінде «Тіл бі­лімінің салалары» кесте­мен көр­сетілген. Кестеде грамма­ти­каның «Синтаксис» саласы көр­сетілмеген. Бұл не үшін деген сұ­рақ туындайды. Кестеде фо­не­тика, лексика, сөзжасам, мор­фо­логия салалары көрсетіліп, син­таксис атал­маған. Әлде, син­так­сиске қа­тысты «Тілдік бағдар» беріл­ме­ген­діктен бе? Мұнымен кітаптағы қате біт­пей­ді. Дә­л сол кітаптың 122-130-бе­тінде 5-бөліммен бірге «Тіл­­­дік бағдар» ретінде «Етіс, оның түр­­лері, жұрнақтары» беріледі. Одан кейін «Салт, сабақты етістік» пен «Үстеу, оның құрамдық және ма­­ғыналық түрлері» беріліп, екі бө­лім өткен соң, нақты айтқанда 186-207-бетте «Етіс, оның түрлері» ту­ралы кең көлемде мысалдар көр­се­тілген. Анықтамасы, жаса­луы, жұрнақтары мен мысалдар бар. Әрине, «қайталау білімнің анасы». Бірақ бір кітапта бір тақырыпты 2 рет өткеннен кімге қандай пайда? Ал «Қазақ әдебиетіне» келсек, баяғы жартас – бір жартас. Мысал­дар «заман» өзгерсе де, өзгерген емес. «Атамұра» баспасынан шық­қан 5-сыныптың «Қазақ әде­бие­ті» оқулығының авторы – А.Ахтанова мен А.Жүндібаева. Бұл оқулықта әдебиет теориясы бо­йынша көріктеу құралдары бе­ріледі. Алайда келтірілген мы­салдар тым қысқа, оқушы ғалам­тор­дан іздегенде шығатын сол Тай­бурылдың шабысы (градация), сол Ер Төстіктің етігі (литота). Жас маман үшін де, оқушы үшін де түсі­нікті болатындай өзге мысал­дар жоқ па?    width= Әдебиеттің жайын қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін бір­неше мұғалімнен сұрадық. Ұс­таз Зәуре Бексұлтанқызы «Қа­зақ әдебиетінен» қосымша мұға­лім­ге де керегін айтты. «Қазақ әдебиеті» оқулығында бір­шама эссе жазу тапсырмалары берілген. Сыни эссе, әдеби эссе тағы басқа. Бірақ мұғалімге арнал­ған әдістемелікте эссені бағалау жолдары көрсетілмеген. Бүгінгі таңда ұстаздар қауымының 60-70%-ы жас мамандар екенін ес­ке­­ріп, авторлар нақты эссені ба­ға­лау критерийлері мен деск­рип­­­торларын ұсынса екен. Мы­са­лы, «2016-2017 оқу жылына арнал­ған әдістемелік нұсқаухаттың 157-159-беттерінде эссені ба­ға­­лау тәртібі нақты берілген (10-11-сыныптарға). Бұл бағалау көр­­­сеткіші 5-7-сыныптарға сай кел­­мейді. Сондықтан оқулық ав­­тор­­лары пән мұғалімдері үшін нақты әрі айқын бағалау шәкілін ұсын­­са деген пікіріміз бар», – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәні­нің мұғалімі.  

Мұғалім сарапшы емес

Тізе берсең, оқулықта қате көп. Проблеманы айнал­шық­та­май, шешу жолын жауаптылар сөзімен айшықтасақ. Білім және ғылым ми­нистрі өткен оқу жы­лы­ның басында бірнеше оқу­лықтан қате тауып, мәселені күн тәртібіне қой­ды. Сонда сарап­ш­ы­ларға сын айтқаны бар. Әрі мұғалімнің бәрі сарапшы еме­сін баса айтты. Бар­лық мұ­ға­­лім­нің оқулық жаза ал­май­тыны тағы бар. Ал оқулық жазу мәсе­лесіне кел­генде уақыт рөл ойнайтынын еске түсіріңіз. Мәселен, қоғам белсендісі Гүлбану Әбенова Facebook парақ­­ша­сында оқулық жазуға екі айға жуық уақыт беретінін жазған. Оның айтуынша, бұ­рын­дары оқулық жазуға 6 айға шығармашылық ең­­бек дема­лы­сын берген екен. Жу­р­­налист Кеңес заманында оқу­­лықтарды сараптап, бекіту бес жыл­ға созыл­ғанын, қазір бір-екі ай кө­ле­мінде жұмыс жүретінін алға тартты. Ал нашар оқулықты кім және қалай анықтайтыны қоғам белсендісі үшін де сұрақ. Пәндік комиссия ма, әлде мемлекеттік комиссия ма? Білім және ғылым министрлігі «Оқу­лық» республикалық ғы­лы­ми-практикалық орталы­ғы­ның директоры Ғани Бейсем­баев­ты қызметке екі ай бұрын таға­йын­даған. Осы мерзім ішінде ол оқу­лық жазу процесінде бір­неше кем­шілікті байқаған. Оның ай­туын­ша, оқулық жазу про­це­сін­де екі үлкен проблема бар. Біріншіден, оқу бағдарламасы қалай құрылады, оқулық соған сай жазылады. Екіншіден, баспа­лар­дың жауапкершілігі төмен. Орфографикалық, техникалық қателерге мән бермейді.  

20 жыл бұрынғы мәселені қаузап жүрміз

«Ашық алаң» бағ­дар­ла­ма­сын­да Ғани Бектай­ұлы білім акаде­мия­сын­да Ақселеу Сей­дім­бек ағаның тұсында, төл оқу­лық­тарды жазу кезінде бірге жұ­мыс істегенін айт­қан-ды. «Сон­да кеткен жүйелі қателіктер туралы мәселе әлі ше­шіл­ген жоқ. Мәселе енді шешіле бас­тады. Ең маңыздысы, авторлар инс­титутын қалыптастыру. Оқу­лық жазатын авторларды оқыту мәселесі жиырма жыл бұрын кө­те­рілген. Биыл бі­рін­ші рет атал­ған институтты құру­дың алғы­шар­тын жасаймыз. Екі үлкен ұжым қосы­лып соның бағ­дар­ма­ла­сын жасап жатыр. Са­рап­тама мәселесі – «Оқу­­лық» орта­лығының міндеті. Са­рап­­тама жүргізіп, ірік­тей­міз», – дейді ол. Жоғарыда «Оқулық» орталығы директорының баспа жауап­кер­­шілігі туралы айтқаны бар. Бі­луі­мізше, елімізде «Атамұра» бас­­па­с­ында ғана баспахана бар. Қал­ғаны кітапты Қытай мен Түр­кияда басады. Өйткені қағаз бен бояу қымбат. Осы тұста Қытай мен Түркия баспалары қазақша оқу­­лықтағы қатеге жауап бере ме? Бұл жағдайда Байтұрсынов сөзіне қайта жүгінеміз. Оқулық төңі­регіндегі мәселе «Аққу, шор­тан һәм шаян» мысалына ұқ­сайды. Өйткені оқулықтың әдіс­­теме­лік жағын Ыбырай Алтын­са­рин атындағы Ұлттық білім ака­де­мия­­сы дайындайды. Бас­­палар оқу­­­лық жазатын автор­лар­ды таң­­­­дап, министрлікке ұсынады. Ми­нистр­лік келісімінен соң, авторлар оқулық жазуға көшеді. Құрастырылған оқулық баспа мен қоғамдық сарапшылардың сы­нынан өтеді. Олар қатесін тек­серіп, ескертпе жасайды. Сөй­тіп, оқулықты «Оқулық» орта­лы­ғына жөнелтеді. Министрлік жанындағы орталық оқулықтарды әр пән бойынша сараптайды. Одан кейін «аманатты» республикалық комис­сияға береді. Комиссия кем-кетігін қайта қарайды. Міне, бір оқулықтың дүниеге келуі бірнеше кезеңнен тұрады. Байқасаңыз, осынша тексерістен қате кетуі қиын тәрізді. Енді осы жерден жауаптыны іздеңіз. Бұл «Мақта қыз бен мысық» ер­те­­гі­сінің кері сияқты. Қоғам – құй­ры­­ғын сұраған мысық. Оқу­лық – құйрықтың рөлінде. Мысықтың сиырға, ағашқа, суға, дүкен мен тауық­қа барғаны – комиссия жұ­мысы. Нақты жауап­ты­ның кім екені бел­гі­сіз? Себебі оқулық – біреу, жа­уап­ты көп. Сонда Президент мә­лім­­дегендей, оқу­лықтан қате шықса, кімді жауапқ­а тар­та­мыз? Жазған авторды ма, қа­тені көрмеген комиссияны ма, дұ­ры­сын біл­ме­ген сарапшыны ма, жауап­ты­лардың үстінен қа­рай­­тын ми­нистр­лікті ме?  

 width=Айзат АЙДАРҚЫЗЫ