Қазіргі халықаралық қатынастар жаһандық басқарудың жаңа орталықтандырылған жүйесін қалыптастырудың белсенді үдерісіне байланысты өтпелі кезеңді бастан кешіп отырғаны анық. Бүгін әлемдік жүйедегі тектоникалық қозғалыстар тарихи дәуірлердің ауысуын куәландырады. Осы жағдайлар әлемдік дамудың болашағын түсіну, халықаралық істердегі негізгі үрдістерді талдау кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мен өркендеуі үшін ерекше стратегиялық мәнге ие болады. Бұл маңызды міндетті шешуге өткен жылы Сыртқы істер министрлігі жанынан арнайы құрылған Сыртқы саяси зерттеулер институты (СЗИ) елеулі үлес қосуы тиіс және ол жаһандық өзгерістер жағдайында даму бағытын таңдаудың сенімді сараптамалық құралы болады. Өйткені біздің көз алдымызда әлем геосаяси, экономикалық, әлеуметтік және технологиялық қайта құрулардың, белгісіз мүмкіндіктер мен жаңа қауіптердің кең кешенімен бетпе-бет келеді. Белсенді сыртқы саясатты жүргізу мұқият кәсіби сараптама мен болжауды талап етеді. Бұл жһандық өзгерістердің динамикасы олардың ықтимал салдарларын түсінуден айтарлықтай озуда. Өсіп келе жатқан бәсекелестік салдарының бірі жаһандық институттар мен халықаралық қауіпсіздік саласындағы уағдаластықтарды бөлшектеу болып табылады. Экономикадағы неғұрлым күшею үстіндегі байланыс пен өзара тәуелділікке қарамастан, жаһандық экономика да терең дағдарыста. Әлем әлі де саяси тұрғыдан шиеленісіп, мәдени, діни, идеологиялық жоспардың және тағы басқалардың көптеген түрлі қайшылықтары ауыр тиюде. Ағымдағы трендтер болашақтың әртүрлі сценарий үлгілерін ұсынуда. Тарихи декорациялардың сөзсіз ауысуын сезіну және осы сын-қатерлердің бүкіл кешенін шешу мүлде жаңа, стандартты емес тәсілдерді және күш-жігерді халықаралық үйлестірудің сапалы өзге де деңгейін талап ететінін түсіну күшейе түсуде. Осындай белгісіз және тез өзгеретін жағдайларда мемлекеттің тұрақты дамуы үшін әлемдік саясат саласындағы талдамалық және болжамдық жұмыстың құндылығы бірнеше есе өсетіні анық. Саясатты интеллектуалды қамтамасыз етумен, ең алдымен, кәсіби тілмен айтқанда, «ой-талқы орталықтары» немесе ой фабрикалары (think tanks) деп аталатын сараптамалық құрылымдарға байланысты. Global Go To Think Tank Index Report деректері бойынша, қазіргі уақытта елдерде әртүрлі форматтағы және әсер ету деңгейіндегі 6 500-ден астам осындай орталық белсенді жұмыс істейді. Санның үдемелі өсуі сараптауға және бейтарап талдауға деген сұраныстың өсе түскенін көрсетеді. Бұл түсінікті, өйткені мұндай ұйымдар өз құзыреті мен қызметі жинақталған білім (ғылыми ортада) мен саясат (әрекет ету қажеттілігі) арасындағы алшақтықты жеңуге көмектеседі. Сондықтан қазіргі заманғы ой фабрикаларының жұмыс драйвері өзінің талдамалық әзірлемелерін іске асыруға және әрекетке тікелей бағдар жасайды. Әдетте, «ой-талқы орталықтары» бірегей жаңа идеяларды әзірлейді, сондай-ақ мемлекет үшін маңызды мәселелер бойынша көпшілік пікірталастар өткізеді. Олар жоғары саяси және зерттеу біліктілігі бар және әрдайым ғылым мен тәжірибе тоғысында жұмыс істейді. Бүгінгі күні осы орталықтарды мамандандыру үрдісі байқалуда. Мысалы, олардың географиялық немесе функционалдық бағыты бойынша нақты салаға шоғырлануы. Өмірдің барлық саласын интернационализациялауға тұрақты трендті ескере отырып, олардың рөлі қазір сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастық саласында өте маңызды. Бұл тұрғыда СЗИ қызметі еліміздің сыртқы саяси бағытын болжамдық-талдамалық қамтамасыз етуге тікелей бағытталған. Институт СІМ жүйесіне толығымен кіріктірілген және Қазақстанның барлық халықаралық күн тәртібіндегі сыртқы саясат тұжырымдамасының және болжамды-талдамалық қамтамасыз ету ережелерін іс жүзінде іске асыру жөніндегі зерттеулер арқылы жұмыс істейді. Осылайша, СІМ жанындағы институт жаһандық дамудың ағымдағы және перспективалық үрдістерін пәндік зерттеуге бағытталған қолданбалы зерттеулердің құзыретті орталығы ретінде арнайы ұйымдастырылған және әлемдегі жетекші ұқсас құрылымдардың үздік үлгілерімен сәйкестігіне қарай құрылған. 2019 жылдың қазанында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен институттың директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті. Ол институт қызметінің тұжырымдамалық тәсілдерін талқылауға арналды. Өткен кезең ішінде институт жоғары кәсіби ғылыми ұжым құрамын ұйымдастырды. Оның құрамына әлемдік саясаттың «бар сырын» білетін қазақстандық кадрлық дипломаттар, сондай-ақ зерттеу жұмысының озық әдістемелерін меңгерген тәжірибелі халықаралық мамандар енді. Институт қызметкерлерінің орталық аппарат және шет елдердегі мекемелердің қызметкерлерімен үнемі жедел өзара іс-қимылы СІМ кадрлық әлеуетін күшейтуге ықпал етуде. Бұл біздің еліміздің ұлттық мүдделері мен дамуы үшін туындайтын сын-қатерлерге ғылыми жауап әзірлеу, өңірлік тәуекелдердің теріс салдарларын ерте алдын алу және барынша азайтудың әдістемелерін құру сияқты түйінді проблемалар бойынша қорытындылар мен практикалық ұсынымдар сенімділік береді және Қазақстанның әлемдік істердегі ұлттық мүдделері мен стратегиялық міндеттерін қамтамасыз етуде уақытылы және қажет етілетін болады. Біздің институттың кәсіби тәсілін – «Үрдістерді болжау және шешімдерді әзірлеу» деп қысқаша сипаттауға болады. Онда СІМ СЗИ міндеті мемлекеттің сыртқы саяси қызметін қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде идеяларды генерациялаудың сенімді көзі, сондай-ақ Қазақстан басшылығына ақпараттық-талдамалық қолдаудың тиімді құралы болу деп көрсетілген. Осыған байланысты институт өз алдына жұмыстың бірқатар басым бағыттарын белгіледі. Ең алдымен, өңірлік зерттеулер мен Қазақстанның сыртқы серіктестерін олардың ағымдағы және перспективалық даму ерекшеліктерін түсіну үшін зерттеу болды. Институт жұмысының басқа ерекше бағыты – XXI ғасырдағы жаһандық процестерді ұғыну, Қазақстанның ұзақмерзімді мүдделері тұрғысынан саясат пен экономикадағы сыни өзгерістерді талдау. Келесі бағыт – әлемдік деңгейде Тұңғыш Президент – Елбасының және Қазақстан Президентінің идеялары мен стратегиялық бастамаларын талдамалы сүйемелдеу. Трансұлттық шақырулар мен мүмкіндіктердің кең спектрін талдау институтқа басым елдік және проблемалық-тақырыптық бағыттарда Қазақстанның сыртқы саяси қызметін одан әрі жетілдіруді іздестіруге мүмкіндік береді. СЗИ өз жұмысында әріптес елдермен Қазақстанның стратегиялық коммуникацияларын дамытуға ерекше назар аударады. Осымен әлемдік тәртіп проблемалары жөніндегі, өңірлік дағдарыстарды шешу жолдарын жалпы іздеу, мемлекеттерді және әлемді тұтастай алғанда тұрақты даму проблемаларын зерттеу жөніндегі бірлескен жарияланымдар, конференциялар және сараптамалық пікірталастар арқылы ғылыми дипломатияның атқаратын рөлі соңғы емес. Жекелеген зерттеулердің қорытындысын басып шығару, іс-шаралар өткізу, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қауымдастықтарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл арқылы институт қазақстандық және шетелдік жұртшылықты халықаралық жағдай, сыртқы контурдағы Қазақстанның саясаты мен жетістіктері туралы хабардар ететін болады. Әлемде болып жатқан оқиғаларды олардың Қазақстан дамуына әлеуетті әсерін ескере отырып түсіндіретін болады. Жалпы, институт жұмысының міндеттері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 12 маусымдағы өзінің ұлықтау рәсімінде белгілеген міндеттерімен толық шендеседі, онда «...біз сындарлы көпвекторлы сыртқы саяси бағытты жалғастырамыз. Біз ұлттық мүдделерді әлемдік аренада нық ілгерілететін боламыз. Елдің сыртқы саяси қызметі елге, ұлттық бизнеске, әрбір азаматқа нақты пайда әкеледі». Қазіргі кезеңде институт қабылданған тұжырымдамаға сәйкес дамып келеді. Онда Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының дәстүрлері мен болашақтың күн тәртібін қалыптастыратын жаңа трендтер ескерілген. Келешекте институт мемлекеттік даму стратегиясының өңірлік ерекшелігіне, дәстүрлеріне және мақсатты нұсқауларға негізделген қазақстандық талдау мектебін жүйелі түрде дамытатын болады деп болжануда. Уақыт өте келе, СЗИ идеялар мен шешімдерді, жаңа тәсілдерді, жаңа қабылдау мен халықаралық процестерге қатысты жаңа көзқарасты әзірлеудің қажетті орталығы ретінде бекітіледі деп үміттенеміз.
Айымдос БОЗЖІГІТОВ, СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма төрағасы