Қызылорданың іске қосылмаған кәсіпорындары
Қызылорданың іске қосылмаған кәсіпорындары
215
оқылды
Сыр елінің ауыл шаруашылығы мен индустрия-инно­вация саласындағы жұмыстары мардымсыз. Қызыл­ор­даның күріштен кейінгі брендіне айналады деп сендірген шыны зауыты сол жағалаудағы жаңа қала құрылысындағы ауыз толтырып айтатындай жаңалық еді. Құрылысы он жылға созылған «сақалды зауыт» әлі пайдалануға берілген  жоқ. Зауыт құрылысының бас­тал­ғанына қанша уақыт өтті десе­ңізші?! Алғаш жұмысты қолға алған компания жұмыс істеуден бас тартып, екінші компанияға өтті. Бүгінде құрылыс жұмыстары баяу жүруде. Шыны зауыты, бұ­дан соң театр, неке сарайын са­ламыз деген бастаманың барлығы аяқсыз қалды. Бұл Қызылорда облысының әлеуметтік-эконо­микалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жос­пары болатын. Екіншіден, Қызылорда облы­сында төрт су шаруашылығы  жобасын іске асыру көзделген. Мәселен, «Қара өзек», «Күміс­кеткен», «Қызылорда су торабы» мен «Көкарал» бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің сағасын қалпына келтіру бойынша су қоймаларын салу. Соның ішінде «Әйтек» су торабын жөндеу де өзекті болып тұр. Су торабы құ­лап, су шайып кеткен еді. Сон­дықтан бұл жерлерге бекіту жұмыстары жүргізіліп, түпкілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының жоба-сметалық құжаттамасы жасалды. Оған су ресурстары комитетінен 48 млн теңге қаржы бөлінді. Экс-әкім Қ.Досмайылұлы 2020 жылы Сырдария өзенінің арнасын рет­теу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау жо­басын енгізген еді. Қызылорда су торабын қайта жаңарту жұ­мыстары биыл баста­луы керек еді. Жұмыс істеп тұрған гидро­тех­никалық Қызылорда су то­рабы өткен ғасырдың 50-жыл­дары салынған. Қазіргі жағдайы мүлдем сын көтермейді. Су торабы бұзылған жағдайда  400 мыңнан астам адам қоныс­танған үш аудан мен Қызылорда қаласы аумағында 250 мың гектар шабындық пен жайылым, 110 мың гектар суармалы жерді сумен жабдықтау жүйесі  бұ­зылып, 38 елді мекенді су басу қаупі бар. Осыған орай Қы­зылорда су торабына рекон­струк­циялау жұмыстарын жүр­гізу қажет. 1964 жылы «Қызыл­орда жылу электр орталығы» ме­кемесінің жабдық­тары да әбден тозған. Қызылорда қала­сында 700-ге жуық көпқа­батты тұрғын үйлер жылумен жаб­дықталмай қалуы мүмкін. Тіпті, ең төменгі  көр­сет­кішке ие болып отырған жалпы өңірлік өнімнің көлемін алдағы 3 жыл­дықта көбейтетінін жеткізді. Осы­дан бірнеше жыл бұрын ашыл­ған өндірістік кәсіп­орын­дардың кейбіреуі іске қосыл­ма­ғанын айтпады. Оның бәрін рет­теуге облыс әкімінің қауқары жете ме? Ол – уақыт еншісінде.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы