Павлодар облысында дауылдың кесірінен ғимараттар шатырсыз қалды
Павлодар облысында дауылдың кесірінен ғимараттар шатырсыз қалды
Фото: Интернеттен алынды
303
оқылды
Павлодар облысында күшті жел тұрып, кешкісін бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, табиғи апаттан бірінші металлургтер қаласы зардап шеккен. Ақсу қаласында желдің екпініне шыдамай, Әуезов көшесінде орналасқан «Шолпан» төртқабатты қонақүй кешенінің 600 шаршы метр шатыры жұлынды. Ғимарат 1971 жылы салынған. Жалпы ауданы – 1616,7 шаршы метр. Ақсу қалалық ауруханасының екіқабатты ғимаратының 300 шаршы метр шатыры жұлынған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ақсу қаласының Жолқұдық ауылында Мәдениет үйінің шатыры ұшып кеткен. 1968 жылы салынған ғимараттың жалпы ауданы – 500 шаршы метр. Железин ауданының Еңбекші ауылында қатты жел салдарынан ауылдық мектептің үшқабатты ғимаратының 240 шаршы метр шатыры жұлынды. Шатырдың ағаш торламасы шиферден салынған. «Облыс орталығында дауылды жел қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің металл қоршауы мен оның кірпіш бағаналарын құлатқан», – дейді департаменттегілер. Тұрғындарға аймақта қатты дауыл соғатыны бірнеше күн қатарынан алдын ала ескертілген.