Биыл елімізде 132 мыңға жуық адам Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«ҰБТ биыл 17-рет өткізілетін болады. Осы кезең аралығында тестілеуге 2 миллионға жуық адам қатысып шықты. 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет: қаңтар, наурыз, тамыз айларында өткізілуде. Биыл ҰБТ форматы өзгерген жоқ. Барлығы 5 пән, 3 міндетті және 2 бейінді пән бойынша тестілеу қағаз жүзінде өткізіледі. Барық тест тапсырмаларының саны – 120, максималды балл – 140. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 15 сәуірден 10 мамырға дейін жүргізілді, – деді министр.
Биыл өтініштерді қабылдау алғаш рет онлайн форматта өтті. Тек ғана интернеті жоқ аймақтарда дәстүрлі форматта құжаттар тапсыру мүмкіндігі берілді.
«Жалпы, биыл мектеп түлектерінен тестілеуге қатысу үшін 111 109 немесе 82 пайыз өтініш тапсырылды. Өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға немесе 15 мыңға жуық адамға көп. Сондай-ақ, алдыңғы жылдарда мектеп бітірген түлектерді қосқанда барлығы биыл 131 755 адам тест тапсыратын болады», – деді Асхат Аймағамбетов.