Көкшетауда қабылдау орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған адамдардың уланып өлуіне байланысты іс қозғалды.
Әлеуметтік желіде Көкшетау қаласындағы қабылдау-орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған 6 адамның улану белгісімен қалалық аурханаға түскені, кейін оның үшеуі көз жұмғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Желідегі мәліметтерге қарағанда көз жұмған адамдардың жасы - 32-41 аралығында. Полиция департаменті қызметкерлерінің растауынша, қазір қылмыстық іс қозғалған.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі (санитарлық және гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.