Талғат та кәсіби боксқа ауысты
Талғат та кәсіби боксқа ауысты
272
оқылды
Қанат Ислам, Геннадий Головкин, Василий Жиров, Са­парбай Айдаров сияқты ағаларының жолын жал­ғасты­ра­мын деген ниетпен 2018 жылғы жасөспірімдер ара­сын­дағы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен де әуесқойлар боксынан кәсіби боксқа ауысты. Енді 19 жастағы боксшы Қа­зақ­­стан атынан шаршы алаңға шы­ғатын болады. Талғат кәсіби рингте өнер көрсету үшін MTK Global промоутерлік компа­ния­сымен келісімшарт жасасқан. «Құр­метті достар, кәсіби боксқа ауысқаныма қолдау білдірген­де­рі­ңіз үшін шынайы алғысымды біл­діремін. Мен дүниежүзіндегі көш­басшы МТК Global менед­жерлік компаниясымен келісім­шарт жа­садық. Енді қазақстан­дық­тарды кә­сіби бокстағы же­ңіс­теріммен қуан­туға тырыса­мын» деп жазды боксшы Instagram па­рақшасында. Айта кете­йік, Талғат Шәйкен 2019 жылы Қазақстан хал­қының спар­та­киадасы шеңбе­рінде ересектер арасында өткен республикалық біріншілікте қар­сы­ластарын ай­қын басымдықпен тізе бүктір­ген болатын. Ол әуес­қойлар ара­сында нокаут шебері атанды. Қар­сы­лас­тарын шаршы алаңда талай мәрте сұлатып салды. MTK Global Kazakhstan ме­нед­жерлік ком­па­ния­сының бас­шысы Асқар Са­лық­баев болса, келі­сімшарт ұзақ жыл­ға жасалға­нын айтады.  

Әділ БЕК