Елді өркендетуге қызмет етеді
Елді өркендетуге қызмет етеді
313
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті еліміздің көшбасшы партиясының елордадағы орталық аппаратына келіп, Nur Otan партиясы Төрағасының жаңадан тағайындалған Бірінші орынбасарын таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев партия­ның алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Бауыржан Бай­бектің тә­жі­рибесінің жеткілікті әрі оның со­ған қажетті біліктілікке ие екенін атап өтті. Оның үстіне Б.Байбек 2013 жыл­дың қаңтарынан 2015 жылдың 9 та­мызына дейінгі ара­лықта партияда дәл осы лауазым­да қызмет атқарған бола­тын.

– Бауыржан Байбек «Болашақ» бағ­дарламасының түлегі, диплома­тия­лық қызметте және Президент Әкім­шілігінде жұмыс істеді. Ол бұ­ған дейін партия Төрағасының Бі­рінші орын­басары қызметін атқар­ған. Бауыр­жан Байбектің Алматы қа­ла­­сы­ның әкімі лауазымындағы жұ­мы­сы­на оң баға беруге болады, – деді Қа­зақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыр­жан Байбектің партияны және бү­кіл мемлекетімізді дамыту бағдар­ла­маларын жүзеге асыруға өнімді үлес қосатынына сенім білдірді.

Nur Otan партиясының Төра­ғасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәулен Әшімбаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, ары қарайғы қызме­тіне табыс тіледі.

Сондай-ақ енді жетекші саяси ұйым­ды үлкен міндеттер күтіп тұр­ға­нына партиялықтардың назарын ау­дарды.

– Мәулен Әшімбаев партия бас­шылығында болған кезеңде екі съезд өткіздік, Президент сайлауы­на қа­тыс­тық. Осының барлығы пар­­тия­мыз үшін күрделі сынақ бол­ды. Ол табысты жұмыс істеді деп санай­мын. Nur Otan – еліміздің басты саяси күші. Алдымызда партияның қо­ғам­дағы беделін одан ары арттыру мін­деті тұр, – деді Елбасы.

Соңында Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Nur Otan партия­сының қыз­меті бүкіл елімізді дамытуға ба­ғыт­талуы тиіс екенін атап өтті.