Көлік-логистикалық әлеуетіміз артады
Көлік-логистикалық әлеуетіміз артады
307
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Ұлттық компания басшысы темір жол көлігі саласының қазіргі даму жағдайы және келешегі туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің кө­лік-логистикалық әлеуетін арт­тыру, экс­порт және транзит тасымал­да­рын ұлғайту, көлік қызметінің са­па­сын жақ­сарту қа­жеттігіне назар ау­дарды.

Сауат Мыңбаев Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай ке­­зін­де жолаушылар мен жүк тасы­мал­­да­рын ұйымдастыру жөніндегі қа­был­дан­ған ша­ралар туралы баян­дады. Со­­­­нымен қатар «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ бас­­шы­сы контейнерлік тасымалдар са­ла­сын­дағы жағдай, жолау­шыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін жүр­гізіліп жат­қан жұмыстар мен опера­ция­­лық ір­кілістерді азайту туралы мә­лі­мет берді.

Кездесу соңында Қазақстан Пре­зи­­ден­ті бірқатар сала басшысына нақ­ты тап­­сырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қа­­­­тар, Қазақ ұлттық өнер универ­си­те­тінің рек­торы Айман Мұсақожаева­ны қабыл­дады. Университет басшысы Президентке қазақстандық музыка өне­рінің жағдайы, қазіргі кәсіби му­зы­калық білім беру са­ласындағы не­гізгі үде­рістер мен шығар­машылық оқу ор­да­ларын бітірген түлек­тердің жұ­мысқа ор­наласу мүмкіндіктері жө­нінде ақ­парат берді.

Қазақстан Президенті кадрлардың әлеуетін жетілдіру, оқу орындарының м­а­­те­риалдық-техникалық базасын жаңар­­тып, заман талабына сай жаб­дық­­тауға на­зар аударып, бірқатар тап­­сырма берді.