«Төбелестің ішінде депутаттың жиені болған» – 17 жастағы жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер анықталды
«Төбелестің ішінде депутаттың жиені болған» – 17 жастағы жігіттің өліміне қатысты жаңа деректер анықталды
Фото: Интернеттен алынды
249
оқылды
Шымкентте 17 жастағы студент қайтыс болған төбелеске қатысқандардың ішінде қалалық мәслихат депутатының жиені болған, – деп хабарлайды Astana TV. Алайда Шымкент полициясының айтуынша, күдіктілердің ішінде туыстары жоқ. Айта кетейік, осы қылмыстық іс бойынша барлығы 9 адам ұсталды, олардың бесеуі қамауға алынды, біреуіне іздеу жарияланды, қалғандары қолхатпен босатылған. Күдіктілердің барлығы – кәмелет жасына толмағандар. Олар 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан шектелуі мүмкін. Телеарнаның мәліметінше, облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерді де жауапкершілікке тартылады. Туыстарына медициналық көмектің дұрыс көрсетілмегені бойынша шағымданғандықтан дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов: «Еңбекшіқазақ полиция басқармасы 3 маусымда балалар ауруханасының дәрігерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады», – деді. Айта кетейік, қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кетіп, төбелестен алған жарақатынан қайтыс болған.