Ақтөбеде зауытта ыстық буға күйген тағы бір жұмысшы қайтыс болды
Ақтөбеде зауытта ыстық буға күйген тағы бір жұмысшы қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
201
оқылды
Ақтөбе Хром қосындылары зауытында болған төтенше жағдайдан қаза тапқандардың саны 5-ке жетті. Кеше, 3 маусым күні 28 мамырда зауыт цехында тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанда жарақат алған екі жұмысшының бірі қайтыс болды.
«Зардап шеккен 1988 жылғы жұмысшы қайтыс болды. Қатты күйік алған, денесінң 60 пайызын күйік шалған. Екінші 1984 жылғы жұмысшының жағдайы кішкене тұрақты. Ол жансақтау бөлімінен ауыстырылып жатыр», – дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 28 мамырда болған еді. Резервуарда ыстық бу атқылап, жұмысшы қаза тапты. Бірнеше адам ауруханаға жатқызылды. Тергеу жалғасып жатыр.