Алматыда атыс болды
Алматыда атыс болды
Фото: Интернеттен алынды
317
оқылды
Алматыда белгісіз біреулер атысып, ер адам аяғынан жараланды. Оқыс оқиға кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Қазыбек би–Мұқанов көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, компьютерлік техника сататын дүкеннің қасында белгісіз біреулер оқ атқан. Соның кесірінен ер адам аяғынан жараланған. «Мен дүкен аралап жүрген едім. Кенет сыртта 3 рет оқ атылды. Жараланған ер адамның әйелі шұғыл жедел жәрдем шақырып жатты. Атысқан адамдар бір-бірімен таныс па ол жағын білмеймін», – деді оқиғаны куәгері Гүлзат Рымбаева. Ал қалалық полиция департаменті тергеу басталғанын хабарлады. «Жұмалиев көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінде отырған екі адам сөзге келіп қалған. Оның арты жанжалға ұласып, олардың бірі 37 жастағы жігітке пышақ салған. Сол сәтте екіншісі травматикалық тапанша алып оқ атқан. Оқтың бірі көшемен өтіп бара жатқан 28 жастағы жігіттің аяғына тиген. Қазір төбелеске қатысқандар ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлімімен тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.