Қазақстандық қалаулылар атынан Сенат депутаты О.Перепечина 1-3 шілде аралығында Мәскеуде өтіп жатқан «Парламентаризмді дамыту» атты ІІ халықаралық форумының жұмысына қатысты.
Шараны өткізу бойынша Ресей МемДумасы бастама көтерген болатын. Қатысушылар халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың, цифрлы экономиканы дамытудың, жастар мен экологиялық саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.
Форум аясында «Ресей-Африка» парламенттік конференциясының шаралары өтті.
Шараға 132 мемлекеттен 800-ге жуық парламентші мен сарапшы келген. Олардың ішінде ұлттық парламенттердің 41 төрағасы бар. Бұдан бөлек, форумға 14 парламентаралық ұйымның делегациясы атсалысты.