Екі миллионға жуық қазақстандықтың несиесі кейінге шегерілді
Екі миллионға жуық қазақстандықтың несиесі кейінге шегерілді
© сурет интернеттен алынды
361
оқылды
Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарызды кейінге шегеруге үміткер бола алатын шағын және орта бизнес субъектілері қызмет түрлерінің тізімін кеңейтті. Қазір оған 357 қызмет түрі кіреді, - деп жазады sputniknews.kz. 11 мамырда төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Тоқаев несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін салалардың тізімін кеңейтуді тапсырды. Жаңа тізімге төтенше жағдай режимін енгізу салдарынан ең көп зардап шеккен салалар енгізілді. Бұл сауда, өңдеуші өнеркәсіп, көлік, тамақтану, ақпарат және байланыс, білім және денсаулық сақтау салалары.

Қазақстандықтардың үштен бірінің қарызы кейінге шегерілді

2 маусымдағы мәлімет бойынша, 12,5 мыңға жуық кәсіпкердің немесе қарыз алған заңды тұлғалардың 41,6 процентінің 164,6 миллиард теңге (412 миллион доллар) қарызы кейінге шегерілді. Екінші деңгейлі банктер мен басқа да несие ұйымдары 265,8 миллиард теңге немесе 666 миллион доллар сомасына 1,9 миллион адамның қарызын кейінге шегеруді мақұлдады. Бұл қарыз алушы жеке тұлғалар санының 34% құрайды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 345 мың өкілінің 42 миллиард теңге көлеміндегі несиесі кейінге қалдырылды. Қалған өтініштер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде тиісті шешімдер қабылданады.

Қанша бизнесмен жеңілдетілген несие алды

Шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке кәсіпкерлерге 187,8 миллиард теңге немесе 470 миллион доллар сомасына 1336 қарыз берілді. Еске сала кетейік, Қазақстан Президентінің тапсырмасымен шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы әзірленді. Оны жүзеге асыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Төтенше жағдай режимін енгізу салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 12 айға дейін жылдық 8%-тен аспайтын несие беріледі.